Мен Президентке кеңесші болғым келеді. Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың бұрынғы нақсүйері, экс-депутат мемлекет басшысының кеңесшісі болғысы келеді. Ол өзіне лайықты орынға барса, әйелдер ісімен айналыспақ, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Ол айлықсыз, тегін жұмыс істеуге дайын екенін жазды.
«Құрметті Президент мырза, мені кеңесші қылып қызметке алыңызшы. Айлық төлеудің де қажеті жоқ. Азда болса әйелдер мен балаларға көмегім тисе болды. Сізге шынайы жағдайды баяндап отырайын.
Aqorda Руслан мырза міне сізге жұмыс. Әсіресе тик ток желісінде қызу талқы болып жатыр. Мен өзім жаңа көріп, бірден асығыс видеомен ойымды айттым. Ниетім елімізде тыныштық орнап, әйелдер мен балалар қауіпсіздігі», — деп жазды Ынташ Наурызова.
Басынан түрлі сынақты өткізген жас келіншек, әйелдерді өзіде сабырға шақырды.
«Президенттің Жолдауы, әйелдерге қатысты айтқаны үлкен талқыға түсіп жатыр екен. Әсіресе, ажырасу мен боқтық сөз айтып, айқай — шу шығаратын әйелдерге айтқаны. Енді оны көп адамдар барлық әйелдерге қатысты қылып, жаман жағынан түсініп қалған екен. Мен айтқан болар едім, өйтіп жаман жағынан түсінбеу керек. Бұл әйелдерді қолдамайды екен деген мағынаны білдірмейді. Ол біз құқығымыз үшін күреспеу керек дегенді білдірмейді. Ол кісіге (Президентке.- ред) қандай информация жеткізгенін білмейміз ғой. Қоғамда ондай проблема бары рас. Президенттің көтерген екі сұрағы да өте өзекті», — деп жазды экс-депутат.
Ол адамдардың мемлекеттен үй, жәрдемақы алу үшін құжат жүзінде ажырасып, шындығында бірге тұратындары осыдан бес-алты жыл бұрын қатты үрдіс алғанын растады.
«Қазіргі уақытта үкіметтен берілетін жәрдемақыға өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан бұл проблеманы басқа жағын қарастыру керек. Жәрдемақыны азайтып тастағаннан бір зат өзгереді деп ойламаймын. Ал президенттің боғауыз айтатын әйелдер жайлы айтқанын тағы түсіндіріп, айта жатар. Ал зорлыққа ұшырап, өліп жатқандар ол — әйелдер. Қоғамның тыныштығын бұзуды адамның жынысына бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Енді осыны көріп алған ер адамдардың басына қандай ой келеді? » Пезиденттің өзі қолдамай тұрса, онда ұрып-соғуға, зорлық жасауға, өлтіруге болады екен» деген ой қалыптасуы мүмкін. Осы екі тақырып әйел адамдардың наразылығын тудырып жатыр. Кейінірек үкімет басындағы адамдар нақты түсінеді деп ойлаймын. Әйелдерді қорғау жөнінде бізде заңда бар», — деді Қилыбайдың экс-тоқалы.