Apple компаниясы көптен күткен жаңа өнімдерін таныстырды: iPhone 17, iPhone 17 Pro, iPhone 17 Pro Max және жаңа ультражұқа iPhone Air. Сондай-ақ, AirPods Pro 3 және Apple Watch жаңартылды. Ең басты тосынсый — iPhone Air бұрынғы Plus моделін алмастырып, тарихтағы ең жұқа iPhone болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
iPhone Air — ең жұқа смартфон
Негізгі премьера — iPhone Air. Оның қалыңдығы бар болғаны 5,6 мм, бұл Samsung Galaxy S25 Edge моделінен де жұқа. Экран өлшемі — 6,6 дюйм, жаңарту жиілігі — 120 Гц. Жаңа құрылғы A19 Pro чипімен жұмыс істейді.
Камера мүмкіндіктері де күшейген: 48 Мп Fusion камерасы, бір уақытта алдыңғы және артқы камерамен түсіру мүмкіндігі бар. Apple арнайы жұқа MagSafe батареясын ұсынды: ол арқылы видео көру уақыты 40 сағатқа дейін ұзарады.
Жаңа түстер: қара, ақ, көк және алтын.
iPhone 17 — базалық нұсқа
iPhone 17 енді 128 ГБ емес, 256 ГБ жадтан басталады. Дисплейі — 6,3 дюйм, жиілігі — 120 Гц. Екі 48 Мп камерасы бар Dual Fusion жүйесі орнатылған. Түстері: лаванда, көгілдір, қара, ақ және sage.
iPhone 17 Pro және Pro Max — кәсіби мүмкіндіктер
Pro модельдері жаңа дизайнмен шықты: үштік камера көлденең орналасқан. Барлық модульдер — 48 Мп, алдыңғы камера — 18 Мп. Камера сенсоры 56%-ға үлкейген, бұл әсіресе қараңғыда түсіргенде сапаны арттырады.
Pro нұсқаларда ProRes RAW, 4К 120fps түсіру мүмкіндігі бар. Контент жасаушыларға арналған қосымша функциялар — алдыңғы және артқы камерамен бір уақытта жазу.
AirPods Pro 3 — құлаққаптағы аудармашы
Жаңа AirPods Pro 3 жетілдірілген шуды басу жүйесімен және Live Translation (тірі аударма) функциясымен шықты. Әзірге қазақ және орыс тілдері қолжетімді емес.
Apple Watch — денсаулық бақылауда
Apple Watch Series 11 қан қысымын бақылап, ұйқы сапасын анықтай алады. Ал Apple Watch Ultra 3 спутниктік байланыс пен 42 сағаттық автономдылықпен ерекшеленеді.
Бағалары
-
iPhone Air — 999 доллардан (шамамен 534 мың теңге)
-
iPhone 17 — 799 доллардан (шамамен 481 мың теңге)
-
iPhone 17 Pro — 1099 доллардан (шамамен 593 мың теңге)
-
iPhone 17 Pro Max — 1199 доллардан (шамамен 647 мың теңге)
-
AirPods Pro 3 — 249 доллардан (шамамен 135 мың теңге)
-
Apple Watch Series 11 — 399 доллардан (шамамен 215 мың теңге)
-
Apple Watch Ultra 3 — 799 доллардан (шамамен 430 мың теңге)
Қазақстандағы маркетплейстерде алғашқы аптада бағасы 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Әлеуметтік желідегі пікірлер
Жаңа iPhone-дарға қатысты қолданушылар пікірі екіге бөлінді:
-
Бір бөлігі дизайнды тым қарапайым деп сынауда.
-
Енді бірі «оранжевый iPhone»-ға қызығушылық танытып отыр.
-
Кейбірі рекордтық жұқалық батареяға кері әсер етті ме деп алаңдауда.
-
Ал сатып алуға дайын аудитория жаңа түстер мен функцияларды ерекше мақтайды.
«Маған ұнамады», «Дизайн қызықсыз», «Алғашқылардың бірі болып сатып аламын» деген пікірлер қатар айтылуда.