Қарағанды облысында алғаш рет республикалық деңгейде өтетін «Кітап оқитын ұлт» байқауы пилоттық жоба ретінде бастау алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Байқау аудандық/қалалық, облыстық кезеңдерден тұрады. Қатысушылар тізімде бекітілген 15 кітапты оқып, байқау шарттарын орындауы тиіс. Сайыс орыс және қазақ тілдерінде өтеді.
Облыстық деңгейде топты жарып, жеңімпаз атанғандар қомақты сыйақыға ие болады:
I орынға – 1 000 000 теңге
II орынға – 600 000 теңге
III орынға – 400 000 теңге
Басты мақсат – оқу дағдысын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттерді халық санасына сіңіру.
Байқау «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Alageum Electric» және «RGB» компанияларының қаржылай қолдауымен жүзеге асады.
Сайыс қатысушылары 6 санат бойынша тіркеледі:
• мектеп оқушылары (6-10 сыныптар)
• колледж студенттері
• ЖОО студенттері
• ұстаздар
• мемлекеттік қызметшілер
• отбасы
Қатысушыларды тіркеу 20 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қатысуға ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жерінде білім басқармасында тіркеледі. Сонымен қатар, @kitapoqitynult парақшасы арқылы Instagram және Telegram каналына тіркеліп, толық ақпарат ала аласыз.
Зияткерлік әлеуеті жоғары ұлт болу – ел тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын табысты мемлекет қалыптастырудың басты кепілі.
«Кітап оқитын ұлт» – оқы, ойлан, алға бас!
Фото: pixabay