Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты
  • «Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады
  • Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
  • Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
  • Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 12 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Мәжілістің абыройын түсірген: бір топ депутат Ардақ Назаровпен жабық форматта әңгіме өткізбек

Мәжілістің абыройын түсірген: бір топ депутат Ардақ Назаровпен жабық форматта әңгіме өткізбек

12 Қыркүйек, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Депутат Ардақ Назаровтың пленарлық отырыста анасына құттықтау жолдауы Парламент қабырғасында бұрыннан қайнап жатқан ішкі қайшылықтың қақпағын ашып жіберді деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Назаровтың мінберді жеке басының қуанышымен шатастырып алуы бірқатар әріптесінің жынына тиген. Депутаттық корпустағы ықпалды топ Назаровтың әрекеті парламенттік беделге үлкен сын екенін бетпе-бет жеткізу үшін жабық форматтағы кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Олардың пайымынша, парламенттік мінбер әлеуметтік желінің тікелей эфирі емес, мемлекеттің тағдыры шешілетін орын.

Осы мәселеге байланысты Мәжіліс спикері Қошановтың тарапынан да қатаң ұстаным байқалады.

Ertenmedia мәліметінше, Ерлан Жақанұлы орынбасарларына депутаттық мәлімдемелердің тәртібін қатаң қадағалауды, жеке сипаттағы мәлімдемеге мүлде жол бермеуді тапсырған.

Спикер мұндай әрекеттің Мәжілісті халық алдында ұсақтатып, мем.институт ретіндегі салмағын кемітіп, депутаттық корпусқа деген халық сеніміне көлеңке түсіреді деп алаңдайды.

Басылымға пікір білдірген Мәжілістегі дереккөздердің айтуынша Назаровтың мына қылығы соңғы шақырылымдағы депутаттық құрамның ішкі қайшылығын да анық байқатқан.

«Парламенттегі халықтың тарапынан мойындалған тұлғалар пулы келесі науқанға спортшылар мен шоу-бизнес өкілдерін мүлде жолатпау керек деген ұстанымда», — деп жазады Ertenmedia басылымы.

Олардың саяси тәжірибесінің аздығы, этикалық ұстанымының саяздығы парламенттік мәдениетті бұзып, Мәжілісті популизм мінберіне айналдырып жіберген.

Бұл кейстің парламенттік ортаның ішкі тәртібіне өзгеріс әкелуі мүмкін екені байқалады. Назаровтың әрекетінен соң Мәжіліс регламенті мен депутаттардың мінез-құлық кодексіне түзету енгізілуі ықтимал. Мінбердің қадірін кетіретін, халықтың аманатын жеке басының мәселесіне айналдыратын қадамға бұдан былай шектеу қойылады деген сыбыс бар.

Ertenmedia басылымының ақпаратынша, Мәжіліс спикерінің талабы депутаттарды жеке бас пен елдік мәселені шатастырмауға, парламенттік мәдениетті сақтауға міндеттейтін қатаң ескерту болмақ.

 

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Тұрақсыздық периметрі: әлемдегі эскалация ошақтары

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы!»: Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге кеңес берді (ВИДЕО)

Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды

Соңғы жазбалар

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.