Таразда 41 жастағы жергілікті тұрғын полицияға жүгінді. Әйел өз ұлы тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыскерге сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Күдікті 21 жаста, еш жерде жұмыс істемейді.
Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау») бойынша іс қозғады. Сот бұлтартпау шарасын қолданды. Жәбірленушінің ұлы қамауға алынды.