Алматыдан шамамен 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Жер сілкінісінің деректері
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) хабарлауынша, жерасты дүмпулері магнитудасы 4,0 деңгейінде болған. Қозғалыс Астана уақытымен сағат 12:57-де, Қырғызстан аумағында, Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 19 шақырым жерде тіркелген. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 184 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстандағы жағдай
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты дүмпудің ошағы Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде болғанын растады.
«Қырғызстан елдімекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы 4 балл болды», – делінген ресми хабарламада.
Қазақстан аумағындағы әсері
Қазақстан ТЖМ дерегінше, жер сілкінісі Алматыдан 187 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында тіркелген. Қазақстан жерінде дүмпу күші 2 балл деңгейінде сезілді (Қордай ауылы).
-
Жапа шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салсақ, 2 қыркүйек күні Алматыда тағы бір жер сілкінісі сезілген болатын. Оның қарқындылығы 2 балл болып, эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан 319 шақырым қашықтықта орналасқан.