Белгілі кәсіпкер Махат Төреәлі Бекзат Саттархановтың анасына баспана сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Анамызға құрмет-батырға құрмет. Бүгін әулетіміздің және компаниямыздың атынан батырымыздың анасына пәтер кілтін табыстадық. «Бекзат Саттарханов Bekzat Sattarkhanov атындағы спорт кешенінде “Бекзат.Шаршы алаңнан тыс өмір” атты жазушы Бейбіт Сарыбайдың кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап арманнан туындаған, батыр Бекзаттың тұлғасын өскелең ұрпаққа үлге ететін туынды. Ағамыздың рухы шат болғай», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары кәсіпкердің жомарттығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
«Бекзатты туған ананы ұлықтағаныңыз үшін сізге үлкен рақмет! Жамандық көрмеңіз, аға», «Ииии жаным аййй өшкені тірілгендей болды аууу, қайран АНА , ешуақытта Ананы БАЛАМЕН сынамасын. Жаны жәнәтта, тәні рахатта болсын айналайын боздағым аййй, арманда кеткен кәйтейік ҚАЗАҚТЫҢ маңдайына сыймай кеткен жарығым, бүгін жарық етіп арамызға келгендей болды ау», деп жазды көпшілік.