11 қыркүйекте Бекет ата қорымына барар жолда болған ірі жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды. Toyota Hiace көлігінің қатысуымен болған қайғылы оқиғада 10 адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алған, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Қаза тапқандардың тізімі
Ресми мәліметке сәйкес, марқұмдардың арасында Жаңаөзен, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларының тұрғындары және Қазақстан азаматтығын алған Ресей тумасы бар. Жеті әйелдің есімі жарияланды:
-
Сатыбалдиева Рахима Сардарқызы, 1960 ж.т., Жаңаөзен тұрғыны.
-
Аманжолова Гүлсім Қосайқызы, 1969 ж.т., Жаңаөзен тұрғыны.
-
Джимбаева Агорн, 1958 ж.т., Жаңаөзен тұрғыны.
-
Оразбаева Ғалия Қайнулинқызы, 1989 ж.т., Астана тұрғыны.
-
Измайлова Сәуле Әбілқасенқызы, 1968 ж.т., Қарағанды тұрғыны.
-
Виденская Лариса Александровна, 1969 ж.т., Қарағанды тұрғыны (Ресейде туған).
-
Вострецова Наталья Николаевна, 1974 ж.т., Теміртау тұрғыны.
Қайғыға толы оқиғалар
Марқұмдардың арасында көпбалалы аналар да бар.
-
Вострецова Наталья Николаевна — 30 жылдан астам уақыт бойы «АрселорМиттал Теміртау» комбинатында токарь болып жұмыс істеген. Жеті баланы тәрбиелеп өсірген. Жақында ғана жергілікті басылымға сұхбат беріп, еңбек жолы мен отбасы жайлы әңгімелепті.
-
Аманжолова Гүлсім Қосайқызының қызы Ақмарал Instagram желісінде анасына:
«Бүгін өмірімдегі ең ауыр күн! Жүрегім езіліп тұр… Алла анамның күнәларын кешсін», — деп жазып, қайғысын бөлісті.