Мәжіліс депутаты Айдос Сарым халық қалаулыларына бөлінетін қаражат көлемі мен бірпалаталы парламент мәселесіне қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды Todayinfo.
Оның дерегінше, 2015 жылы бір депутатқа шамамен жылына 70 млн теңге жұмсалса, 2024 жылы бұл сома 195 млн теңгеге дейін өскен. Алайда депутаттың пікірінше, бұл қаржы жеткіліксіз, себебі көптеген мемлекеттерде депутаттарға бұдан да ауқымды қаражат қарастырылады.
Сонымен қатар, Айдос Сарымның айтуынша, егер алдағы референдумда бірпалаталы парламент құру бастамасы қолдау тапса, Мәжілістегі депутаттар саны 150-ге дейін көбейуі мүмкін.
Фото: t.me/mazhilis_kz