11 қыркүйекке қараған түні «Астана – Петропавл» республикалық тас жолының 178-шақырымында жол апаты болды. Полиция мәліметінше, «Nissan Almera» автокөлігінің жүргізушісі екі жас жігітті қағып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.
Nayza Kokshe паблигінің хабарлауынша, екі жігіт көлігін жол шетіне тоқтатып, дөңгелегін ауыстырмақ болған екен. Оларды сол жерде көлік қаққан.
21 жастағы бір жігіт алған жарақаттардпн қаза тапты, екінші жігіттің миы шайқалып ауруханаға түсті.
Қазір осы фактіге байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: Freepik