Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді
  • 400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті
  • Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
  • «Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу
  • Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді
  • Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ
  • Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды
  • Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » 400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысының Саран қаласында «Сұңқар» стадионында алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі ұйымдастырылды. Шараға өңірдің 10 мектебінен 400-ге жуық оқушы қатысып, қимыл-қозғалыс ойындарына, эстафеталар мен жолдастық кездесулерге шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей шараның маңызын атап өтті.

«Бұл мен үшін жай ғана салтанатты шара емес, спорттың болашағымен жүздескен сәт болды. Балалардың қуанышты жүздері мен алаңдағы шабытты ойыны тағы бір мәрте футболдың жай ғана спорт емес, бірліктің, татулықтың және әділ ойынның мектебі екенін айғақтады», – деді ол.

Әлібек Әлденейдің айтуынша, қазақ футболының тарихында есімдері алтын әріппен жазылған саңлақтар Қарағандыдан шыққаны белгілі.

«Біздің бүгінгі парызымыз – сол дәстүрді жаңғыртып, жалғастыру, жаңа буын чемпиондарды тәрбиелеу», – деді ол.

Фестиваль Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен өтті.

«Осы мақсатқа жетуде өңіріміздің әлеуетіне сенім артып отырған Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауы үлкен демеу болды»,- деді облыс басшысының орынбасары.

Қазіргі таңда жоба облыстың 10 мектебін қамтып отыр. Алдағы уақытта оны аймақтағы барлық білім ордасына енгізу жоспарлануда. Бұл бастаманың әлеуметтік маңызына да назар аударылды.

«Австралиялық қылмыстану институтының ғалымдары спортпен тұрақты айналысқан жастардың денсаулығы нығайып қана қоймай, құқықбұзушылық азайып, мінез-құлқы түзелгенін дәлелдеді», – деді Әлібек Әлденей.

Шара соңында облыс әкімінің орынбасары футболдың жастарға тәртіп пен табандылықты үйрететінін атап өтті.

«Футбол қоғамды біріктіреді, жаңа спорттық индустрияны қалыптастырып, еліміздің халықаралық аренадағы мәртебесін көтереді. Олай болса, бүгінгі қадам – мықты, салауатты, жасампаз қоғам қалыптастырудың, қуатты экономика құрудың кепілі», – деп түйіндеді ол.

Оқылып жатыр

Кітап оқып, миллион ұтып ал! 

120 инвестициялық жоба: Қарағанды облысы өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда

Қарағанды облысы транзиттік әлеуетін қалай арттыруда

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

Өндірісі өркендеген Қарағанды: өңірде үш ірі жобаның құрылысы басталды

Соңғы жазбалар

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

13 Қыркүйек, 2025

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

13 Қыркүйек, 2025

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

13 Қыркүйек, 2025

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

13 Қыркүйек, 2025

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.