Шымкентте жасөспірім ат үстінде келе жатып бес метрлік шұңқырға құлап кетті деп хабарлайды Todayinfo.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Абай ауданына қарасты Алтынтөбе ауданында болған.
2012 жылы туған жеткіншек атпен серуендеп жүрген кезінде байқамай терең құдыққа түсіп кеткен. Құтқарушылар жедел жетіп, альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен баланы шұңқырдан шығарды.
Жануарды да аман алып қалу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп автокран қолданылды. Ат иесіне еш жарақатсыз қайтарылды.
Жасөспірім дәрігерлердің қарауында.
Фото: ТЖМ