Футболдан «Қайрат» — «Ақтөбе» матчында қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақарт алды.
Ойынның 13-минутында Темірлан Анарбеков ақтөбелік ойыншы Уче Агбомен допқа таласып қалды. Алдына ала мәлімет бойынша «Қайрат» қақпашысының жағы сынған. Темірланның орнын 18 жастағы жас спортшы Шерхан Қалмырза ауыстырды.
Желі қолданушылары Темірлан Анарбековке көз тигенін жарыса жазуда. Ол алдағы маңызды матчтарға қатыса алмауы мүмкін.
Айта кетейік, ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына жазылды.