Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды
  • «Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан
  • Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады
  • Каспий теңізінде жер сілкінді
  • «Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)
  • Берік Уәли Ресейдегі қазақ дәстүрін ұлықтаған отандастарға сүйсінді
  • Алакөл жағалауын шайып кету қаупі бар: Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұзатылатын қыз ақ немесе көк түсті көйлек кимеген — Света Айтбаева

Ұзатылатын қыз ақ немесе көк түсті көйлек кимеген — Света Айтбаева

15 Қыркүйек, 2025 Шоу бизнес
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева қызы Раушанның ұзату тойынан кейін алғаш рет El-Women жобасына сұхбат берді. Өнер иесі қуанышты күннің мәні, қазақ дәстүрлерінің насихатталуы және бүгінгі қазақ әйелінің миссиясы жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Светлана Айтбаеваның айтуынша, Раушанның ұзату тойының басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу. Арнайы ойластырылған сценарийде шарғы салу, табақ тарту секілді қазақы рәсімдер орындалып, қонақтар нағыз қазақы тойдың көрінісін тамашалады.

Көпшілікке Димаш пен Мансұрдың өнері жақсы таныс болса, Раушан жайлы дерек аз. Анасының сөзіне қарағанда, ол да өнерге жақын болғанымен, өзінің өмірлік жолын медицина саласынан тапқан.

«Біздің жақта  ұзатылатын қыз міндетті түрде қызыл түсті киім киеді. Қазір ақ киеді, көк киеді. Ол дұрыс емес. Ақ киімді – келін болып түскен кезде киеді. Алтайдың ар жағынан келген бір қандасымыз, бір ұзату тойда қыздың аспан түстес көк көйлегін көріп «көк кигені несі, бұл дұрыс емес. Қыз бала қызыл кию керек. Ол жердегі қызыл гүл ғой. Көкті – өсіп-өнген, асарын асап, жасарын  жасаған, көкке қарай жол тартып келе жатқан мағынада ғой, болмайды ғой» деді. Мен таңқалып қарағанмын. Алтайдың ар жағында қазақ дәстүрінің қаймағы бұзылмай сақталып келе жатқаны белгілі ғой», — дейді ол.

Светлана Айтбаева сұхбат барысында қыз жасауына ерекше көңіл бөлгенін айтты. Жасауға күй шығаратын музыкалық аспап, теледидар сынды техникаларды салуға болмайтынын ескертті. Оған қоса қыз бала ұзату тойында тек қызыл көйлек киіп, таң шуағымен, күн сәулесімен ұзатылуы керек екенін атап өтті.

Оқылып жатыр

«Бетіне балта түсіп кеткен»: Ақбота Керімбекова балалық шақта көрген қиындығын еске алды (ВИДЕО)

«Қазір ешқандай байланысымыз жоқ»: Дариға Бадықованың күйеуі шаңырағының шайқалғанын айтты

«Жалғызым едің…»: Тоқтар Серіков жақын адамынан айырылып қалды

«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасын сынайтындармен алысып әлек (ВИДЕО)

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

«Қыздарына көзім түсіп жүр»: Ерке Баянмен құда болғысы келетінін айтты

Соңғы жазбалар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

15 Қыркүйек, 2025

Каспий теңізінде жер сілкінді

15 Қыркүйек, 2025

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

15 Қыркүйек, 2025

Берік Уәли Ресейдегі қазақ дәстүрін ұлықтаған отандастарға сүйсінді

15 Қыркүйек, 2025

Алакөл жағалауын шайып кету қаупі бар: Абай облысында төтенше жағдай жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» «Астананы» басып озып, КПЛ көшін бастады

15 Қыркүйек, 2025

Ұлытау облысында полицейлер 5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.