Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасында (КПЛ) көшбасшылыққа шықты. Бұл туралы Todayinfo.kz хабарлайды.
Турдың нәтижелері
Өз алаңында өткен ойында «Қайрат» «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голдың авторы – Дастан Сатпаев.
Ал елордада өткен тартысты матчта «Астана» мен «Елімай» 3:3 есебімен тең түсті.
Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясының шешімімен екі кездесуді де шетелдік төрешілер қадағалады.
Турнир кестесі
-
1-орында – «Қайрат» (49 ұпай)
-
2-орында – «Астана» (47 ұпай)
-
3-орында – «Тобыл»
Келесі матч
«Қайрат» енді алғашқы ойынын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткізеді. 18 қыркүйекте алматылықтар сырт алаңда Португалияның «Спортинг» клубымен кездеседі.