Фото: ЖИ
Бүгін Астана уақытымен 08:41-де (Гринвич уақытымен 03:41-де) Каспий теңізінде жер сілкінді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша, эпицентрдің координаттары:
солтүстік ендік – 41,28 градус;
шығыс бойлық – 52,76 градус.
Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4.4, энергетикалық класы K=9.6.