Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай БАҚ өкілдері мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 8 қыркүйектегі Жолдауында көтерілген саяси реформалар сөз болды. Атап айтқанда, қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы жүйе енгізу және бір мандатты депутаттарды партиялық тізіммен сайланатын депутаттармен алмастыру мәселесі талқыланды. Қатысушылар бұл бастамалардың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, бір жыл ішінде референдум өткізіп, халық пікірін білу қажеттігін қолдады.

«Кеше біз мемлекет басшысының жолдауын тыңдадық, бүгін біз партияның осы ұстанымын жариялап отырмыз», – деді Азаматхан Әміртай.

Ол партияның 9 бағыты бойынша ұстанымдарын таныстырды:

  • Цифрландыру және жасанды интеллект – цифрлық технология адамға қызмет етуі тиіс. «Жасыл екпін»: суды цифрлық есепке алу, ауаны бақылау, шығарындыларды қадағалау.
  • Экономика және инвестициялар – әр жоба «жасыл сүзгіден» өтуі қажет. Пайда халықтың денсаулығы мен табиғаттан артық болмауы тиіс.
  • Энергетика және экология – жасыл энергетиканы қолдау. АЭС салуда ашықтық пен қауіпсіздік басты орында болуы қажет.
  • Су – стратегиялық ресурс – су үнемдеу технологияларын енгізу, суды әділ бөлу, цифрлық есепке алу.
  • Ауыл шаруашылығы – фермерлерге жаңа технологияларды енгізуге қолдау көрсету, экологиялық таза өнімдерді дамыту.
  • Көлік және жолдар – көлік жүйесі экологиялық, шекара рәсімдері цифрлық болуы тиіс.
  • Әлеуметтік сала – жаңа мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және әділ тарифтер арқылы сапалы өмір сүру деңгейін көтеру.
  • Саяси реформа – Мәжілісті бір палаталы жүйеге көшіру мәселесін халық 2027 жылғы референдумда шешуі қажет.
  • «Таза Қазақстан» – акциядан ұлттық экологиялық идеологияға айналуы тиіс.

«Президенттің Жолдауында айтылған бастамалар – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады. Байтақ партиясы бұл өзгерістерді қолдай отырып, әрбір шешімнің экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуына баса мән береді. Себебі табиғатты қорғау, халықтың денсаулығы мен болашақ ұрпақтың амандығы – біздің басты құндылығымыз. Заңнамалық өзгерістер, реттеушілік саланы қайта жүктеу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа архитектурасы қабылданған шешімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл Мемлекет басшысының негізгі талабына – инвестициялардың өсуіне, жұмыспен қамтуға және Қазақстан экономикасын технологиялық жаңғыртуға толық сәйкес келеді», – деп сөзін қорытындылады партия төрағасы.

Оқылып жатыр

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

Берік Уәли Ресейдегі қазақ дәстүрін ұлықтаған отандастарға сүйсінді

Соңғы жазбалар

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.