Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Кентау қаласында жұмысшы мамандықтарды дайындайтын Кентау политехникалық колледжі бар. Оқу орны 2011 жылы Кентау трансформатор зауытының негізінде құрылған. Сондай-ақ, «Alageum Electric» компаниясының құрылымдық бөлігі. Бүгінде колледж қабырғасында 11 мамандық бойынша 800-ден астам студент білім алады. Бүгін жұмысшы мамандықтар жылы аясында аталған колледжде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.

Тур аясында журналистер оқу орнындағы электроэнергетика, автоматтандыру, IT, мехатроника, жаңартылатын энергия көздері және 3D-модельдеу бағыттарындағы шеберханаларын аралады. Сонымен қатар, колледж ғимаратында жаңа техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу кабинеттеріне барды. Онда студенттердің инновациялық жобаларымен танысты. Кабинеттер компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Колледж кітапханасында заманауи жалпы техникалық, салалық және көркем әдеби оқулықтардың 13 мыңға жуық қоры бар. Бұдан бөлек, негізгі құралдардың бірі «Smartnation» платформасы. Бұл — студенттер мен оқытушылар үшін ашықтық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, оқу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Тілшілер пресс-тур аясында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өндірістік алаңына барып, еліміздің жетекші кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген түлектермен кездесті. Өндіріс орнының басты ерекшелігі – өнімдерін заманауи қондырғылар негізінде жасап шығарады. Колледжде оқу процесінің алғашқы күндерінен-ақ студенттерге зауыттың өндірістік орындарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде студенттер бір мезгілде теориялық әрі практикалық білім алады. Қазіргі таңда колледжді 2 мыңға жуық түлек тәмамдап, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істеп жүр.

Айта кетейік, аталған оқу орны — Қазақстандағы ТОП-10 үздік колледждердің қатарында. Білім ордасы Түркістан облысының білім беру саласындағы жетекші оқу орындарының бірі. Онда өндіріс, инновация және тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі тиімді жүзеге асырылады. Колледж энергетика, машина жасау, IT, жаңартылатын энергия көздері және басқа да салаларда жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқылып жатыр

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жолдау міндеттері — ел болашағының бағдаршамы

Түркістан облысының мектептеріне жасанды интеллектке негізделген бағдарламалар енгізіледі

Түркістанда жыл басынан бері 900-ге жуық пәтер пайдалануға берілген

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Соңғы жазбалар

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.