Фото: коллаж Sn.kz
Желіде әнші Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімованың жас кезіндегі видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Видео кадрларынан жұлдызды жұптың би билеп, қызықты уақыт өткізіп жүргенін көруге болады. Бірақ нақты қай уақытта түсірілгені белгісіз.
«Қайрат екеуінің қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген сәтінен естелік. Алматы қаласы, 2008 жыл», — деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары аталмыш кадрларға қатысты түрлі пікір жазды.
«Жұлдыз әп-әдемі болып жүр. Тасжүрек, темір қатын қылып жіберген Қайрат әркімге жабысып», «Кездесіп жүрген кезі емес», «Бақытты болсын», «Жұлдыз шошаңдап, масқара», «Бұл жерде екі қызы бар», деді олар.