Коллаж: todayinfo
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІI съезіне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, бір ғана дін, бір ғана ұстаным болғанда әлемде соғыс пен қақтығыс болмас еді.
«Енді қараңыз, Құдайдың діні бір болу керек, бірнеше дін, бірнеше ұстаным болмау керек. Тіпті Мәжілістің өзінде бір регламент. Сонда мен ойлаймын, адамзаттың бәрінде бір дін, бір ұстаным болса әлемде қазіргідей соғыс, кикілжің болмас еді. Менің ойымша, болашақта дінбасылар, ғалымдар ізденіп бір дінді алу керек деп ойлаймын. Құранда жазылған, Құдайдың қабыл болатын діні — Ислам. Сол себепті менің ойымша сол бір дін ислам болу керек сияқты», — деді депутат.