Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
  • Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды
  • «Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды
  • Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды
  • Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды
  • Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды
  • «Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды
  • «Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

«Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

18 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: muftyuat.kz

Таяуда Бас мүфти Наурызбай қажы журналист Ерболат Мұхамеджанға сұхбат берді деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Ерболат Мұхамеджан хабарлап, “осындай сұрақтар қойылды” деген соң, қызығып, әлгі сұхбатты көріп шықпақ болдық. 

Шынын айтқанда, сұхбаттың 85-90 пайызын әрең шыдап көрдік десек болады. Неге?

Себебі білдей бір елдің діни басқармасын басқарып отырған мүфти журналистің өте өзекті, маңызды, өткір сұрақтарының ешбіріне мандытып, нақты жауап бермеді. 

Сұхбат мүфтидің жұмысқа кіріскен пандемия уақытына қатысты сауалмен басталады. Пандемия кезінде мүфтилік қызметке кіріскенін, сол кезде халықпен қалай байланыс құрғанын, “онлайн садақа”, “онлайн құрбандық шалу” жүйесін енгізгенін айтты Наурызбай қажы. 

Қожырап кеткен дін саласын қолға алып, нақты мынадай жоспар құрып, сол бойынша жұмыс жасап бастадық дейтін мүфтиді таппадық. Бос, ұсақ әңгімелер айтылды. 

“Қоғамда уағызшы, ұстаз, имам деген аттары бар кісілердің қазақтың дәстүріне, тіліне тиіскен уағыздарына қатысты” сұраққа да мүфтиден “олардың айтқан ешбір сөзі шындыққа жанаспайды, қазақтың 70 пайыз сөзі арабтыкі емес, домбыра харам емес, “шеше” сөзі қасиетті сөз” деген жауап күттік. 

Өкінішке қарай, “хазіреті мүфтиіміз” сұрақты мың рет айналып өтіп, соңында “оларға ескерту жасадық” деп құтылды. 

Екі сөзінің бірі “аталарымыз жүрген ислам жолы” дегенді айтқан бас мүфти “Яссауи, Бекет ата, Мәшһүр Жүсіп аталарымыздың жолын ұстануымыз” керек дегенді бірнеше рет айтты. Қазақтың аталары сонда Яссауиден бастау ала ма, әлде Бекет атадан ба?

Яссауиге дейінгі аталарымыздың ұстанымы туралы мүфтидің айтар дерегі жоқ шығар, кім білсін.

“Бабаларымыздың бәрі бес уақыт намазын қаза етпеген” деген мүфтидің сөзінен кейін жұрт әлгі сайқмазақ, әзілкешке бекер ренжіген деген ойға қалдық. Білдей дінді басқарып отырған мүфти мынадай деп отырса, дүмшелерден не күтесіз?

Қаптаған бос мешіттерден елге пайда бар ма деген сауалға Наурызбай қажы “мешіттер бос емес. Қазір мешіттер медиациялық жұмыс та атқаруда. Былтыр 500-дей жұптың ажыраспауына үлес қостық” деп жазады Democrat.kz сайты.

Оқылып жатыр

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды

Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды

«Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді

Соңғы жазбалар

Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды

18 Қыркүйек, 2025

Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды

18 Қыркүйек, 2025

«Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

18 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді

18 Қыркүйек, 2025

Астанада мейрамханадан өрт шығып, 8 пәтер жанып кетті

18 Қыркүйек, 2025

Ақадырдағы ажалды апат: Қарағандыда пойыз апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.