Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған
  • «Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады
  • Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев
  • Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады
  • «Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ
  • Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды
  • Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Фото: sportbox.ru
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың 19–30 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты өтеді (жас ерекшеліктері бойынша санаттар: U8, U10 және U12).

Аталған додаға әлемнің 88 елінен 850-ден астам жас шахматшы тіркеліп үлгерді. Атап айтқанда, Үндістаннан – 28, Қытайдан – 25, АҚШ-тан – 24 спортшы қатысады. Турнир иесі ретінде Қазақстан 200-ден астам қатысушыны ұсынады.

Чемпионат Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет кешенінің (Baluan Sholaq Arena) бас аренасында өтеді. Бұл нысанда 2022 жылы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты, ал 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылған болатын.

Шетелге шығып, халықаралық турнирлерге қатысу – көптеген балалар үшін қаржылық әрі ұйымдастырушылық тұрғыда оңай емес. Сондықтан Алматыда өтетін бұл чемпионат 200-ден астам қазақстандық жас шахматшыға өзін халықаралық аренада көрсетуге мүмкіндік береді: өз жас санатындағы мықтылармен бақ сынап, рейтингін арттырып, тәжірибе жинауға жол ашады.

Чемпионат жүлделері үшін таласқа түсетін үміткерлер туралы айтсақ, Қазақстан намысын келесі спортшылар қорғайды:

  • Әдинұр Әділбек (1837) пен Алиша Бисалиева (1744) – 8 жасқа дейінгі санаттағы (O8 және G8) рейтинг көшбасшылары;
  • Аланна Берікқызы (2162) – G12 санатындағы № 1;
  • Әміржан Әнетов (2081) и Ризат Ұлан (2062) –O10 санатындағы басты фавориттер;
  • Жансая Шолпанбек (2084) – G12 санатындағы басты фавориттер;
  • Сымбат Жетпіс (1761) пен Милана Филиппова (1755) – G10 санатындағы басты фавориттер;
  • Данис Куандықұлы (2211), 2023 жылғы әлем чемпионы (O10), және Нұралы Болашақов (2209) – O12 санатындағы басты фавориттер.

2024 жылы Италияның Монтесильвано қаласында өткен әлем чемпионатында Аланна Берікқызы (G10) мен Марк Смирнов (O12) әлем чемпиондары атанды, ал Ханзада Аманжол (G12) вице-чемпион болды. Қазақстан 2 алтын және 1 күміс медальмен медальдар есебінде 1-ші орынды иеленді (Қытай – 2 алтын және 1 қола).

2025 жыл да жемісті нәтижелермен ерекшеленді. Наурыз айында Сербияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында Абдул-Мәлік Қайрат, Алиша Бисалиева және Әлімжан Жауынбай алтын медаль жеңіп алды, ал Нұрислам Сұлтанхан – күміс жүлдегер атанды.
Шілде айында Батуми қаласында өткен Әлем кубогында Алиша Бисалиева мен Әдинұр Әділбек (екеуі де – U8) алтын және қола медаль иеленді.
Тамызда Данис Қуандықұлы Колумбияда өткен жасөспірімдер шахмат олимпиадасының қола жүлдегері атанды. АҚШ-та өткен мектеп командалары арасындағы әлем чемпионатына Данис Қуандықұлы, Ахмедияр Сүгіралиев, Аманбек Өтетілеу және Нұрсая Жұмабек қатысты. 

Чемпионаттың ашылу салтанаты 2025 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 13:00-де Спорт сарайының бас аренасында өтеді. БАҚ өкілдері үшін аккредитация міндетті.

Турлар кестесі:

  • 09.2025, 15:00 — Бірінші тур
  • 09.2025, 11:00 — Екінші тур
  • 09.2025, 11:00 — Үшінші тур
  • 09.2025, 11:00 — Төртінші тур
  • 09.2025, 11:00 — Бесінші тур
  • 09.2025, 11:00 — Алтыншы тур
  • 09.2025 — Демалыс күні, 07:00–14:00 — Шымбұлаққа экскурсия, 14:00–20:00 — балалар үйінің тәрбиеленушілерімен блиц-турнир
  • 09.2025, 11:00 — Жетінші тур
  • 09.2025, 11:00 — Сегізінші тур
  • 09.2025, 15:00 — Тоғысыншы тур
  • 09.2025, 11:00 — Оныншы тур
  • 09.2025, 11:00 — Он бірінші тур
  • 09.2025, 17:00 — Жабылу салтанаты

Оқылып жатыр

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

Соңғы жазбалар

«Аң аулауға шыққан»: Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсіп, ауыр жарақаттар алған

18 Қыркүйек, 2025

«Әскерде қандай сұмдық жағдай болып жатқанын білесіз бе?»: қайтыс болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

18 Қыркүйек, 2025

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18 Қыркүйек, 2025

Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталады

18 Қыркүйек, 2025

«Қоғам игілігі үшін жұмсалады»: Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары 28 миллиард теңгеге сатылмақ

18 Қыркүйек, 2025

Иманбек Грэмми сыйлығына екінші рет ұсынылды

18 Қыркүйек, 2025

Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

18 Қыркүйек, 2025

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.