Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • «Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған
  • «Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті
  • «Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті
  • Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады
  • «Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты
  • Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды
  • Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 19 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді

«Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді

19 Қыркүйек, 2025 Спорт
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Чемпионат

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында «Қайрат» Алматы клубы Португалияның «Спортинг» командасына 1:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бұл матчта жанкүйерлер «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаға ерекше назар аударды. Себебі негізгі қақпашылар – Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алып, кездесуге қатыса алмады. 18 жас 3 ай 3 күнінде алаңға шыққан Шерхан UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылардың қатарына енді.

Алғашқы кезеңде ол сенімді ойынымен көзге түсті. Әсіресе 21-минутта Мортен Юльманның пенальтиден тепкен добын қайтара білді. Бірнеше сәтте тағы да қақпасын аман сақтап қалды. Дегенмен 44-минутта «Спортинг» сапынан Франсиску Тринкан есеп ашты.

Екінші таймда алматылық футболшылар жиі қателікке бой алдырды. Небәрі 4 минут ішінде қарсылас 3 мәрте қақпаны дәл көздеді. 64-минутта Тринкан дубль жасаса, 66-минутта Алиссон Сантос, 68-минутта Жеовани Кенда мергендігімен танылды.

86-минутта «Қайрат» сапынан Эдмилсон 1 гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда ойын 1:4 есебімен португалиялық команданың пайдасына аяқталды.

Енді алматылық клуб 30 қыркүйекте өз алаңында Испанияның «Реал Мадрид» командасына қарсы ойнайды. Сонымен қатар, «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр) және «Копенгаген» (Дания) клубтарымен кездеседі.

Жалпы, қазақстандық команда турнир барысында 8 ойын өткізеді. Оның төртеуі Алматыда, ал қалған төртеуі сырт алаңда өтеді.

Оқылып жатыр

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

Соңғы жазбалар

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

19 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

19 Қыркүйек, 2025

«Фотоларына қызғанышпен қараймын»: Айқынның бірінші әйелі жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты

19 Қыркүйек, 2025

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

19 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

19 Қыркүйек, 2025

Бүгін арыстандар тосыннан байып, сарышаяндарда жұмыста мәселе туындауы мүмкін: 19 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

19 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» алғашқы ойынында «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.