Фото Baq.kz/коллаж Caravan.kz
Қоғам қайраткері Мұрат Телібеков мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Айналайын Ардақ!
Парламент отырысында анаңа туған күнмен құттықтау сөзін жария түрде айтқаның қоғамда үлкен резонанс туғызды.
Әрине, анаға деген мұншалықты құрметің құрметтеуге тұрарлық. Бұл – мақтауға лайық іс. Дегенмен, сенің қателігің мынада.
Парламент мінберін мұндай мақсатқа пайдалануға болмайды. Мұнда мемлекеттік деңгейдегі мәселелер қаралады; сондықтан жеке отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз. Елестетіп көр: егер барлық 148 депутат жұмыс отырысында өздерінің әке-шешесін, әйелін, күйеуін, балаларын туған күнімен құттықтай бастаса, онда тікелей міндеттерін орындауға уақыттары жетпей қалады.
Осы жағдайда сенің халықтан кешірім сұрағаның жөн болар еді. Бұл – даналық пен парасаттылықтың белгісі болмақ», — деп жазды қоғам қайраткері.