Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025 Басты тақырып
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында активтерді елге қайтару жұмыстары жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Толығырақ

Асыловтың айтуынша, қысқа уақыт ішінде прокуратура органдары ауқымды жұмыс атқарған:

«Бұған дейін мұншама көлемдегі қаржыны мұндай қысқа мерзімде қайтару мүмкін болмаған».

1,3 трлн теңгеден астам қаржы олигополия субъектілерінен өндірілді, оның ішінде шамамен 850 млрд теңге мемлекет кірісіне түсті. Бұл қаражатқа 207 су шаруашылығы нысаны, 177 медициналық мекеме, 14 білім беру және спорт нысаны салынуда.

Олигополия субъектілерімен келісімдер жасалып, 5,2 трлн теңге инвестиция тарту міндеттемесі қабылданған. Соның ішінде Алматыда жаңа туристік кешен, түрлі өңірлерде транспорт-логистикалық орталықтар мен зауыттар салынбақ.
Мысалы, салынатын кен байыту комбинаты 3 000-нан астам жұмыс орнын ашып, елдің экспорттық әлеуетін арттырады.

Сондай-ақ, 16 мектеп пен балабақша, 8 дәрігерлік амбулатория мен аурухана, 13 спорт кешені, 16 мәдени-демалыс нысаны бой көтереді. Бұл шамамен 8 000 жаңа жұмыс орнын ашады.

Асыловтың айтуынша, прокуратура барлық жобалардың іске асырылуын қатаң қадағалайды.

Комитет трансформациясы

Бас прокурор Комитеттің жаңа мәртебесін де атап өтті. Бұрынғы Заңсыз активтерді қайтару комитеті енді Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады. Оның басты мақсаты – инвестицияға қолайлы әрі түсінікті жүйе құру.

«Жалпы, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Халықаралық құқықтық байланыстар кеңейіп, цифрлық құралдар жетілдірілуде. Жақында мен Сингапурмен келісімге қол қойдым, басқа да қаржы орталықтарымен жобалар пысықталуда. Прокурорлар қазірдің өзінде жалпы құны 87 трлн теңгені құрайтын 1,5 мыңнан астам инвестжобаны сүйемелдеуде», – деді Берік Асылов.

Асыловтың пікірінше, жаңа комитет экономикаға нақты қаржы тарту процесін жылдамдатып, бизнеске сенімді қолдау көрсетеді.

Контекст

12 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, заңдылық жағдайы мен активтерді қайтару жұмыстары туралы есеп тыңдады.
8 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Комитетті қайта құруды тапсырған болатын.

Оқылып жатыр

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, ол — Ислам»: Астанадағы әлемдік діндер көшбасшыларының сьезінде Жаңбыршин араздық тудыратын пікір білдірді

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

Соңғы жазбалар

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.