Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы Екатерина өзінің Telegram-арнасында ашық мәлімдеме жасап, бұрынғы күйеуіне опасыздық жасағанын растады, деп хабарлайды Todayinfo.
«Иә, мен Биволдың көзіне шөп салдым, жақында оған өзім мойындадым. Бір рет қателік болды, енді Дима біледі. Димасик, сен де өз өміріңде ондай қадамдарға бардың ғой, сондықтан кешір. Мен де бір мәрте сондайға жол бердім. Оның үстіне сен сексте онша емссің», – деді Екатерина.
Еске сала кетсек, жұп 2023 жылдың жазында ажырасты. Екеуіне ортақ екі ұл бар. Екатерина Биволдың Алматыда туыстары бар. Ол 16 жасында экс-күйеуімен танысқан, 23 жасында тұрмысқа шыққан. Алайда 16 жылғы некеден кейін ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ажырасып тынды. Екатерина бұл туралы әлеуметтік желіде жариялаған болатын.
Ажырасқан соң олардың қарым-қатынасы тіпті қиындап кетті. Екатерина Бивол отбасылық өмірде зорлық-зомбылық көрсетті деп, түсік жасатқанын айтты. Сондай-ақ бұрынғы күйеуінің жас кезінде заңсыздықтар жасағанын, қазіргі күні балаларына алиметті аз төлейтінін, олармен байланыспай, қашатынын мәлімдеген.
Кейін Биволдың рингтегі қарсыласын ашық жақтап, Дмитрий ұтылғанда қуанышын бөлісті.
Өз арнасында Екатерина жеке өмірінен де хабар беріп отырды. Жаңа сүйіктісі бар екенін ашық айтып, ұлдарының суреттерін бөлісті. Сонымен қатар, бұрынғы күйеуін жайына қалдыру үшін одан Санкт-Петербургтен бір пәтер және 100 млн рубльден талап еткен.
2025 жылы спортшыға, оның анасына және жанкүйерлеріне қатысты айтқан сөздері үшін Биволдың экс-әйеліне ескерту жазасы берілді.
Фото: Екатерина Биволдың желідегі парақшасынан