Астанада алдағы өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 20-21 қыркүйек күндері өтеді. Биыл өз өнімдерін Абай мен Атырау облыстарының тауар өндірушілері ұсынады, деп хабарлайды Todayinfo елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының аграрлық өндірушілері әртүрлі ет, балық, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидекті тікелей фермерлерден жеткізеді. Бұл азық-түлік қолжетімділігін арттыруға және отандық өндірушіні қолдауға ықпал етеді.
«Астанада осы демалыс күндері Абай мен Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде аграрлық өндірушілері әртүрлі ет, балық, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидекті тікелей фермерлерден жеткізді. Бұл азық-түлік қолжетімділігін арттыруға және отандық өндірушіні қолдауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға шамамен 400 тонна өнім әкелді, оның ішінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері, шамамен 20 тонна басқа да азық-түлік өнімдері де бар.
Бағалар қолжетімді, нарықтағы бағадан төмен, «алқаптан сөреге дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.
Бұдан басқа, қала тұрғындары мен қонақтары өнімді тікелей фермерлерден сатып алып қана қоймай, өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді»,- деді ММ “Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының” Азық-түлік қауіпсіздік бөлімінің басшысы Отызбаев Дархан Төлегенұлы.
Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағы аумағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобустары қатынайды.