Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан
  • АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Stan.kz

Қызылордада блогер Ілияс Сариевтің ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бұл жолы сотқа мүгедектігі бар балалардың ата-аналары қатысып, қалай алданғандарын баяндады. Журналист Руслан Өтепбайдың тәуелсіз бағдарламасында айтылғандай, іс бойынша барлығы 26 жәбірленуші тіркелген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Айман есімді жалғызбасты ана сотта куәлік берді. Оның айтуынша, екі баласының бірі ауыр дертке шалдыққан. Емге ақша жинау барысында әріптестерінің кеңесімен блогер Ілияс Сариевке жүгінген.

«Хабарласқан сәтте ол қызымды видеоға түсіруді сұрады. Кейін үйге келіп, “баланың жағдайын бақылауым керек” деп түнге дейін қасымызда болды. Ақша тез жиналып берілетінін айтты. Бірақ алдымен 100 мың теңге аударуды талап етті. Кейін тағы да бірнеше рет ақша сұрады. Барлығы 750 мың теңге жібердім. Наурыз айынан кейін хабарласу мүмкін болмай қалды», – деді ол.

Онлайн қатысқан тағы бір көпбалалы ана да блогерге сенгенін жасырмады:

«Қызымның еміне ақша керек болып, қаңтар айында Ілиясқа жаздым. Ол қасында жүрген жігіттерге ақы төлеу керегін айтты. Бір айда қажетті соманы жинап беремін деп сендірді. Ақшамды қайтарып берсе, кешірім беруге дайынмын», – деді ол.

Сариевтің қорғаушысы Эльнура Кішкенебаева сотта айыпталушыны ақтауға тырысты.

«Бұл істі тергеудің ортасында ғана қолға алдым. Жәбірленушілер айтқан шығынды қайтару мәселесі бар. Бірақ келісім уақыты нақты көрсетілмеген, құжаттарда да мерзім жазылмаған. Сариев барлық видеосын жариялады, тек бір ай кешіктірген», – деді адвокат.

Келесі сот отырысы 25 қыркүйекте өтеді.

Оқылып жатыр

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

Соңғы жазбалар

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Теңіз үшін күрес: Chevron Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орнындағы келісімшартты ұзартуға ұмтылуда

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.