Фото: online.zakon.kz / Марқұм Болат Назарбаев пен ұлы Нұрбол Назарбаев
Астанадағы ауданаралық азаматтық істер сотында бас прокуратурасының активтерді қайтару комитетінің Нұрбол Назарбаевқа қатысты өтініші қаралып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Әлеуметтік желілерде бұл істің ашылғаны және Назарбаевтың жауапкер ретінде қатысып жатқаны туралы ақпарат тараған. Алайда соттан алынған мәліметке қарағанда, бұл нақты талап арыз емес, өтініштің қаралуы ғана. Процесс құпия материалдарға байланысты жария үшін жабық болып отыр.
Сонымен қатар Болат Назарбаев қызына қатысты компанияға әкімдік келісімшарт сомасын төрт есе ұлғайтқаны хабарланған.