Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Амантай қажы даулы іс бойынша сотта жазадан құтылып кетті

23 Қыркүйек, 2025

«Қу жанын сүйреп келді»: Көпшілік Торғайдағы айтыста төбе көрсеткен Жүрсін Ерманның жағдайына алаңдап қалды (ВИДЕО)

23 Қыркүйек, 2025

Алматыда ауыр аорталық стенозы бар науқастарға TAVI-отасы сәтті жасалды

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Амантай қажы даулы іс бойынша сотта жазадан құтылып кетті
  • «Қу жанын сүйреп келді»: Көпшілік Торғайдағы айтыста төбе көрсеткен Жүрсін Ерманның жағдайына алаңдап қалды (ВИДЕО)
  • Алматыда ауыр аорталық стенозы бар науқастарға TAVI-отасы сәтті жасалды
  • Сарапшы: Шыңжаң – Еуразияның жаңа алтын дәлізі
  • Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады
  • Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады
  • Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады
  • Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Баламды танымай қалдым»: Баласын әскерге жіберген тағы бір сарбаздың анасы жанайқайын айтты

23 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото. видео скриншот

Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз жындыханадан шықты. Жігіттің туыстары бұған әскердегі әлімжетті себеп болды дейді. Сөздерінше, ол тіпті бірнеше рет өзіне қол салмақ болды. Ал әскери бөлімнің қызметкерлері жағдайды тексерудің орнына жауынгерді психикалық орталыққа жатқызып, істі жасыруға тырысқан көрінеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұлтан Шынтеміровты сәуірде әскерге көшеден алып кеткен екен. Анасының айтуынша, 18 жастағы бозбала әлімжеттіктің құрбаны болған. Көрген қорлығына шыдай алмай, тіпті білегін тіліп жіберген. Арада бес ай өткен соң екінші рет өзіне қол салмақ болды. Анасы ұлының психикалық орталықта жатқанын басқа ата-аналардан естіп келген.

“Маған Бекзат командирі хабарласып, балаңыздың жүрегі мен бүйрегі ұстап тұр. Сол үшін дәрігерге апара жатырмыз деді. Бүйрегін тексертеді, жүрегін тексертеміз деп алдап, жындыханаға жатқызып тастаған. Оны мен басқа ата-анадан естімесем, баламның психорталықта жатқанын да білмеймін”, – деді сарбаздың анасы Лаура Шынтемірова.

Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан жігіт анасына әскери бөлім қызметкерлерінің ұрып-соғатынын айтыпты. Лаура Шынтемірова әскерилер жас сарбаздарды қара жұмысқа жегіп, дәретханада азаптайды деп отыр.

“Өз баламды танымай қалдым. Бұндай қылып жібермеген едім. Фотолары да бар. Құрылыс жұмысына салып тастаған. Біреудің үйінде кірпіш құйғызыпты. 99116 әскери бөлімінің толық құрамын тексерсін”, – деді ана.

Сұлтан Шынтеміровтың психикалық денсаулық орталығында жатқанына бір апта болыпты. Одан өзге мұнда тағы екі сарбаз емделіп жатыр екен.

“Білектерінде сырылған жарақаттар болған. Соған байланысты “өзіне қол салу белгілері” деп алып келді. Психолог, психотерапевт мамандары қарайды”, – деді Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов.

Әскерге барып, жындыханадан бір-ақ шыққан сарбаздардың ісіне қатысты тексеріс басталды. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтамақ.

Оқылып жатыр

Амантай қажы даулы іс бойынша сотта жазадан құтылып кетті

«Қу жанын сүйреп келді»: Көпшілік Торғайдағы айтыста төбе көрсеткен Жүрсін Ерманның жағдайына алаңдап қалды (ВИДЕО)

Алматыда ауыр аорталық стенозы бар науқастарға TAVI-отасы сәтті жасалды

Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады

Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді

Соңғы жазбалар

Амантай қажы даулы іс бойынша сотта жазадан құтылып кетті

23 Қыркүйек, 2025

«Қу жанын сүйреп келді»: Көпшілік Торғайдағы айтыста төбе көрсеткен Жүрсін Ерманның жағдайына алаңдап қалды (ВИДЕО)

23 Қыркүйек, 2025

Алматыда ауыр аорталық стенозы бар науқастарға TAVI-отасы сәтті жасалды

23 Қыркүйек, 2025

Сарапшы: Шыңжаң – Еуразияның жаңа алтын дәлізі

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады

23 Қыркүйек, 2025

Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады

23 Қыркүйек, 2025

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады

23 Қыркүйек, 2025

Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді

23 Қыркүйек, 2025

«Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда сиыр етіне қатысты сұрақтар бойынша «жедел желі» іске қосылды

23 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.