Әлеуметтік желілерде Жезқазған су қоймасының көк түске боялғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Кадрларда топырақ пен су бетін белгісіз заттың қанық көкшіл қабаты жапқанын көруге болады.
Тұрғындар не дейді?
Қала тұрғындарының пікірінше, бұл құбылыс медный купорос (мед сульфаты) салдарынан болуы мүмкін. Кейбіреулер бұған өндірістік қалдықтардың әсері барын жоққа шығармайды.
Ресми жауап бар ма?
Әзірге жауапты органдар бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан халықтың сұрақтары жауапсыз қалды.