Халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германия Федеративтік Республикасының Фюрт қаласында ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәлімдеген, деп хабарлайды Todayinfo.
Оны Германияның құзырлы органдары Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында қамауға алды.
Мақсат Дүйсенов 2018 жылғы тамыз айынан 2019 жылғы сәуір айына дейін Қазақстан Республикасының бас көлік прокуроры қызметін атқарған.