Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді

24 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы қорқынышты

24 Қыркүйек, 2025

БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев

24 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді
  • Тоқаев: Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы қорқынышты
  • БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев
  • «Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды
  • Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты
  • «Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)
  • Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесінің қорытындысы жарияланды
  • «Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев

24 Қыркүйек, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Біріккен Ұлттар Ұйымын жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының Жалпы дебатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

— Осы орайда Бірікккен Ұлттар Ұйымын жан-жақты реформалау толассыз талқыланатын тақырып емес, нағыз стратегиялық қажеттілік екеніне назар аударғым келеді. Бізге БҰҰ-ны реформалау жөнінде нақты ұсыныс әзірлейтін жоғары кәсіби және оны еш ойланбастан алға жылжытатын пікірлестер тобын құру қажет. Ұйым бүгінгі сын-қатерлерге және ертеңгі міндеттерге сай болуы керек. Біріккен Ұлттар Ұйымын жаңғыртуды көздейтін мұндай батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуға тиіс. Қауіпсіздік кеңесінің құрамына Азия, Африка және Латын Америкасындағы ірі елдердің өкілдері ротация тәртібімен ұсынылуы керек. Сонымен қатар Қазақстан жауапкершілігі бар орта державалардың үні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде барынша анық естілуі қажет деп санайды, — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, іс жүзінде орта державалар қазірдің өзінде теңгерімді сақтауға және өзара сенімді нығайтуға үлес қосып, халықаралық қатынаста жағымды рөл атқара бастады.

— Ұлы державалардың бастары бірікпегенде немесе барша адамзатты алаңдататын өзекті проблемаларды шешуге қауқарсыздық танытқанда, мұндай елдер БҰҰ аясында дәнекерге айналады. XXI ғасырда БҰҰ беделін көтеру үшін Ұйымға мүше мемлекеттер бейбітшілік пен қауіпсіздіктің іргесін бекемдейтін нақты қадамдар жасауға тиіс. Әйтпесе, БҰҰ үнемі мәселенің салдарымен күресуден көз ашпайды. Ал проблеманың түпкі себептері үсті-үстіне көбейе береді. Біз бұл үдерісті дәл бүгіннен бастай аламыз. Ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына бейіл екенімізді тағы да растауымыз қажет. Егемендік, аумақтық тұтастық және кез келген дауды бейбіт жолмен шешу қағидаттарының бәрі мүлтіксіз сақталуға тиіс. Ұйым Жарғысын қолайына қарай қолдану оның беделіне нұқсан келтіреді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқылып жатыр

Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді

Тоқаев: Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы қорқынышты

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесінің қорытындысы жарияланды

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?

Соңғы жазбалар

Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді

24 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Газадағы гуманитарлық дағдарыстың ауқымы қорқынышты

24 Қыркүйек, 2025

БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс — Тоқаев

24 Қыркүйек, 2025

«Немістерді паналаған»: Қожамжаровтың қолшоқпары болған бұрынғы бас көлік прокуроры Дүйсенов Германияда ұсталды

23 Қыркүйек, 2025

Жетісу өңірінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

23 Қыркүйек, 2025

«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады (видео)

23 Қыркүйек, 2025

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесінің қорытындысы жарияланды

23 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» – «Реал» билеттері: қазақстандық жанкүйерлер сату жүйесін сынап жатыр

23 Қыркүйек, 2025

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

23 Қыркүйек, 2025

Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

23 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.