Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

24 Қыркүйек, 2025

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

24 Қыркүйек, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

24 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек
  • Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті
  • Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды
  • Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр
  • Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр
  • Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды
  • Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

24 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Оңтүстік астанадағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың ортохирургия бөлімшесінде заманауи артроскопия әдісімен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлімше меңгерушісі Арнат Байзақовтың айтуынша, артроскопия кішігірім тіліктер арқылы шағын инвазивті ота жасауға мүмкіндік береді. Соны технология арқасында буынның бүлінген бөліктерін қатты зақымдамай қалпына келтіруге болады. Әрі мұндай әдіспен жасалған отадан кейін науқас денсаулығын қалпына келтіру мерзімі де қысқарады.

19 жастағы пациент бір жарым жыл бұрын құлап, иығын жарақаттап алған. Консервативті емнен нәтиже болмаған, бірақ жас жігіт ортохирургтердің көмегіне жүгінуге асықпапты. Салдарынан жігіттің иығы осы уақыт ішінде 13 рет шығып үлгерген.

«Диагностика барысында науқастың иығы шығып, иықтағы сүйектің басы сынғаны, жауырын мен буын ернеуі зақымданғаны анықталды. Әдетте мұндай диагноз қойылған жағдайда операция ашық әдіспен жасалады. Бірақ сырқаттың анамнезін, жасын, спортпен шұғылданатынын ескере отырып, шағын инвазивті техниканы қолдану туралы шешім қабылданды», — деп атап өтті Арнат Байзақов.

Хирургтер бірден екі операция жасады. Біріншісі: алдыңғы сіңір ернеуін қалпына келтіруге бағытталған Банкарт отасы. Екіншісі: иық буынының артқы бөлігін бекітуге арналған ремплиссаж деп аталатын операция. Операциялар МӘМС қаражаты есебінен жасалды. Ауруханадан шыққан соң пациент 6 айға дейін реабилитациядан өтуі тиіс.

Бұрын мұндай оталар үлкен тілік арқылы, ашық әдіспен жасалатын. Салдарынан асқыну қаупі артып, қалпына келтіру мерзімі де ұзаратын, бұл жолғы операцияның бірегейлігі де осында, дейді маман.
Қазіргі заманғы артроскопия ота барысында болатын зақымдану мен инфекцияның алдын алуға, оңалту процесін тездетуге мүмкіндік береді. Себебі қолданылатын бейнекамералар дәлдікті арттырады, ал, өздігінен ыдырайтын биоимплант уақыт өте келе сүйек тінімен араласып кетеді. Яғни, қайта ота жасауды қажет етпейді.

«Ота кішігірім тесіктер арқылы жасалды. Бірақ нәтижесі ашық операциядан кем емес және мұнда науқас өміріне, денсаулығына төнетін қауіп едәуір азаяды. Заманауи бекіткіштер мен импланттар отаның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады», — деп қосты Арнат Байзақов.

Оқылып жатыр

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

Соңғы жазбалар

Жұманғарин: Банктердің қазақстандықтардан карта арқылы пайда табу тетігін шектеу керек

24 Қыркүйек, 2025

Азат Перуашев бизнеске 2% бірыңғай салық енгізуді ұсынды

24 Қыркүйек, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

24 Қыркүйек, 2025

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек зейнеткерді жіті инсульт пен мүгедектіктен сақтап қалды

24 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

24 Қыркүйек, 2025

Алматылық ортопедтер иығы 13 рет шығып кеткен науқасқа күрделі ота жасады

24 Қыркүйек, 2025

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеухан жігіттер туралы ащы шындықты айтты

24 Қыркүйек, 2025

Атырауда ер адам балалар алаңында 9 жасар баланы аяусыз ұрып-cоққан

24 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.