Фото: instagram.com/01pk
Астана қалалық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Перизат Қайратқа қатысты апелляциялық шағымды қарастыруда. Алқаның құрамында судьялар Нұрлан Баяхметов, Жарас Арыстанбеков және Гүлнар Дәулешова бар.
Сотталған Перизат Қайрат сот процесіне жеке өзі қатысу үшін өтініш жасаған болатын. Дегенмен тараптардың пікірін тыңдаған сот алқасы Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның апелляциялық инстанциядағы сот отырысына қатысулары міндетті емес деп шешті.
Ашық сот отырысына тараптардың адвокаттары онлайн қатысып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды.
Бас прокуратураның мәліметінше Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңгенізаңсыз иемденген.
Сондай-ақ, Перизат Қайрат пен анасы 51 адамға 1,5 млрд теңге өтеугеміндеттелді.