Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

26 Қыркүйек, 2025

Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?

26 Қыркүйек, 2025

Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты

26 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті
  • Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?
  • Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты
  • Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па
  • Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапты
  • Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»
  • «Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты
  • «Сөйлегені, көзін қысқанына дейін аумайды»: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың «ұлы» мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 26 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қазақ басылымдарын қорлаған»: Халық «Меломан» кітап дүкендер желісіне байкот жариялады

25 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақтілді ортаға кеңінен танымал Mazmundama баспасының кітаптары «Меломан» дүкендер желісінің сөресінен алынып тасталмақ. Бұл туралы баспа жетекшісі Шыңғыс Мұқан мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.

Mazmundama әлем әдебиетінің үздік туындыларын қазақша сөйлетіп жүрген санаулы баспаның бірі.

Осы күнге дейін дүкендерге, соның ішінде «Меломанға» баспадан басылып шыққан кітаптар қарызға беріліп, түскен табыстың есебінен типография шығыны өтеліп, қызметкерлер еңбекақысы төленіп келген.

Алайда соңғы үш айда «Меломан» ақша аударуды доғарып, баспа аса қиын жағдайда қалған.

Күні кеше компания басшысы Шыңғыс Мұқан осы жайында әлемжеліде мәселе көтеріп, өздеріне тиесілі ақшаны талап еткен еді. Осыдан кейін ғана дүкен баспаның берешегін толық өтеген болатын.

Ең қызығы, ізінше «Меломан» басшылығы баспамен арадағы келісімшартты үзетіні туралы тілдей хат жіберген. Шыңғыс Мұқанның айтуынша, «Меломан» осылайша өзіне қарыз беріп, кітап жеткізіп отырған отандық баспаларға қысым көрсетіп отыр.

«Меломан» сияқты дүкендер біз секілді баспалардың көз майын тауысып шығарған кітабын қарызға алып-сатып, сол арқылы табыс табады. Берешегін уақытында қайтармайды. Ақшаңды талап етсең, өзіңді кінәлап, серіктестікті бұза салады. Ақшасын бермей қорлайтын, талап етсең, тауарыңнан бас тартатын дүкенге неге кітап беруіміз керек? Бермесек, Ресей баспаларының орысша кітаптарын ғана саудалай берсін. Олардан, меніңше кітапты қолма-қол, нақ ақшаға сатып алады», – дейді баспа иесі.

Шыңғыс Мұқан Mazmundama кітаптарын бұдан былай «Меломан» емес, тікелей Kaspi-ден әлдеқайда қолайлы бағаға алуға кеңес беріп отыр.

Баспа жетекшісі «Меломанның» келісімшартты үзу туралы хатты тек орыс тілінде жолдағанына назар аударған екен. Компания осы арқылы мемлекеттік тілге немқұрайлы қарайтынын көрсеткен.

«Біз бұдан әлсіреп қалмаймыз, керісінше күшті, мықта бола түсеміз. Енді, көрмегенім “Меломан” болсын» – деп түйіндепті сөзін Шыңғыс Мұқан.

Желідегі оқырман өз кезегінде баспаға қолдау білдіріп, «Меломанға» бойкот жариялау мәселесін қызу талқылау үстінде.

Фото:Freepik

Оқылып жатыр

Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?

Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па

Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапты

Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

«Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

Соңғы жазбалар

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

26 Қыркүйек, 2025

Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?

26 Қыркүйек, 2025

Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты

26 Қыркүйек, 2025

Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па

26 Қыркүйек, 2025

Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапты

26 Қыркүйек, 2025

Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

26 Қыркүйек, 2025

«Қызық әлі алда»: Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты ақпарат шықты

26 Қыркүйек, 2025

«Сөйлегені, көзін қысқанына дейін аумайды»: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың «ұлы» мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

26 Қыркүйек, 2025

Еңбекпен өрілген өмір

26 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

26 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.