Фото: видео скриншот
Журналист Гүлмира Әбіқай Реал-Мадрид футболшылары тұрақтаған қонақ үй туралы айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz
”Сонымен, көптен күткен аты аңызға айналған команда толық құраммен Алматыға келді. “Реал Мадридтің” нағыз табынушылары ұшақтың Мадридтен ұшып шыққан сәтінен бастап “аңдыған”. Кешікпей дер мезетте ұшты, жарты жолда келе жатыр, 1 сағаттан соң қонады деп әуе рейсін 10 сағат бақылаған көпшілік жүлдызды команданы алғашқы болып қарсы алуға таласты. Ұшақ қонғаннан отельге жеткенше футбол фанаттары сүйікті командамен толық бірге болды.
Футбол жұлдыздары Алматыдағы “Inter Continental” қонақ үйін таңдады. Борттан түскен толық құрам отельді түгел жалға алды. Мұнда алдағы 3 тәулік бойы бөтен адам кіріп-шықпайды. Интер континенталь 11 қабатты халықаралық стандарттағы қонақ үй. Мұндағы 1 номердің 1 тәулікке құны 280 мыңнан басталып, 1,5млн теңгеге жетеді.
Әлемдік аты аңызға айналған команданың Қазақстанға келуін бүкіл әлем жарыса жазуда.
Ал, енді Реал Мадридтің қанша фанаты болсаңыз да өз Қайратымызға жақтасуды ұмытып кетпеңіз”, — деп жазды журналист.