Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Тоқаев «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты

30 Қыркүйек, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

– Бәріміз «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. «Достық – Мойынты» жолы – шын мәнінде аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына, оның тиімділігін нығайтуға айрықша серпін беретіні сөзсіз. Ал тарихымызға үңілсек, осыдан отыз бес жыл бұрын «Достық – Алашаңқай» жобасы іске қосылды. Қазақстан мен Қытайдың теміржолы тоғысты. Бұл еліміз үшін тарихи оқиға болды. Сол жолды салған ардагерлеріміз қазір осы жиынға қатысып отыр. Баршаңызға зор алғысымды айтамын. Мен халыққа Жолдауымда, көлік-логистика саласы – экономиканың қозғаушы күші, халықаралық байланысты нығайтатын негізгі фактордың бірі деп атап өттім. Қазақстанның бұл саладағы әлеуеті зор. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мен Орталық Азия арқылы өткен. Қазақ жері ежелден Қытай мен Еуропа арасындағы алтын көпір саналады. Қытай – біздің мәңгі, тату көршіміз әрі сенімді одақтасымыз. Біз бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетеміз. Қос халықтың қарым-қатынасы мызғымас достыққа, өзара сенімге негізделген. Елдеріміздің болашаққа деген көзқарасы – ортақ. Көп саладағы ынтымақтастығымыз нығаюда. Әсіресе, «Бір белдеу, бір жол» жаһандық жобасының мән-мағынасы айрықша. Баршаңызға мәлім, 2013 жылы Төраға Си Цзиньпин бұл бастаманы Қазақстанда жариялады. Біз осы жобаны барынша қолдаймыз, оны жүзеге асыруға белсене атсалысып жатырмыз. Себебі бұл бастама еліміздің мүддесіне толық сай келеді. «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі – соның айқын дәлелі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы, еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызы бар жоба.

– Жұмысшыларымыз үш жылға жуық уақыт бойы күні-түні табанды еңбек етті. Осындай белсенді жұмыстың арқасында теміржол мерзімінен бұрын іске қосылмақ. Мұны, шын мәнінде, тарихи сәт деуге болады. Бұл – баршаңызға ортақ қажырлы еңбектің жемісі. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Зор ризашылығымды білдіремін. Жаңа жол жүк тасымалының көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспорттық тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, транзиттік әлеуетімізді күшейте түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміздің бүгінде Еуразиядағы басты транзит хабының біріне айналғанын атап өтті.

– Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұр. Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді. Оның бәрі әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашады. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береміз. Соңғы он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салынды. Мен халыққа Жолдауымда бірқатар жобаны уақтылы жүзеге асыру туралы нақты тапсырма бердім. Алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 11 мың шақырым теміржол жөнделеді. Қазір «Мойынты – Қызылжар» теміржолы салынып жатыр. Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі учаскелер жаңғыртылады. Бұл бағдар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының басты бөлігі. Мұның бәрі Еуропа пен Азияның арасын жалғап, Транс-Қазақстан теміржол бағытының, яғни Орта дәліздің қарқынды дамуына ықпал етеді. Жалпы, бәсекеге қабілетті ел болу үшін экономикамыздың мейлінше қуатты болуына баса назар аударуымыз керек. Бұл ретте, көлік-логистика саласының орны бөлек. Сондықтан Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру негізгі басымдықтың бірі болып қала бермек. Теміржол саласының алдында тұрған міндеттер – айқын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта бұл салаға цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізе отырып, оны ел экономикасының озық бағыты ретінде дамыту көзделгеніне, алда әлі де ауқымды жұмыс тұрғанына, сол себепті барлық жоспарды уақтылы, дер кезінде орындау өте маңызды екеніне назар аударды.

Сондай-ақ телекөпірде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, «Қазақстанның Еңбек Ері», темір жол саласының ардагері Қалтай Сәмбетов сөз сөйледі.

Оқылып жатыр

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.