Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстан-Қытай қатынастары: Шыңжаң арқылы өтетін мүмкіндіктер көпірі

30 Қыркүйек, 2025 Қытай
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік жыл өткен сайын жаңа бағыттармен кеңейіп келеді. Әсіресе шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытуда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районының рөлі ерекше. Тарихи Жібек жолының жалғасы іспетті бұл өңір бүгінде қос мемлекетті байланыстыратын негізгі сауда, логистика және мәдени көпірге айналды. Шекара инфрақұрылымын жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу, сауда айналымының артуы және мәдени-гуманитарлық жобалардың көбеюі – осының айғағы.

Сарапшылар пікірінше, Қазақстан үшін Шыңжаңмен ынтымақтастықты нығайту – экономикалық өрлеудің, халықаралық нарықтарға шығудың және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды құралы.

«Қытай нарығына жол – Шыңжаң арқылы өтеді»

Дүниежүзілік қазақ қауымдастығы жастар бірлестігінің төрағасы Нұрдәулет Бөкейхан Қазақстан мен Қытай арасындағы ірі жобаларды, мемлекетаралық келісімдерді, сондай-ақ өңіраралық және қалалар арасындағы ынтымақтастықты үйлестіру жұмысымен айналысады. Сөзінше, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс ауқымды.

«Қытай мен Қазақстанның достығы – бүгін ғана қалыптасқан қатынас емес. Ол мыңдаған жылдарға созылатын тарихи тамырлы байланыс. Екі елдің қарым-қатынасы Ұлы Жібек жолының бойында қалыптасқан, терең тарихи негізге ие. Бұл – татулық пен өзара түсіністікке құрылған достық», — дейді сарапшы.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық аймақ – Шыңжаң өңірі ерекше маңызға ие. Бұрын тек Қорғас шекара бекеті арқылы байланыс орнатылса, қазір алтыға жуық жаңа шекаралық өткел ашу жоспарда бар. Бұл тек құрлық арқылы емес, Ертіс өзені арқылы да тасымалдау мүмкіндіктерін арттыруды көздейтін мемлекеттік бағдарламалармен қатар жүріп жатыр. Мысалы, Ертіс бойындағы кеме қатынасын қайта жандандыру қарастырылып отыр.

«Шекарадағы инфрақұрылым да өзгеріп келеді. Электронды өткізу жүйелері енгізіліп, жасанды интеллект технологиялары қолданылып жатыр. Бұрынғыдай бір құжат үшін күні бойы сарсылып кезекте тұру тарихқа айналмақ. Қазір құжат рәсімдеу электронды форматқа көшіріліп, адам уақытын, мемлекеттің қаржысын үнемдеуге сеп болып отыр. Бұл – Шыңжаң мен Қазақстан шекарасында жүргізіліп жатқан ең ауқымды реформалардың бірі. Ол сауда-саттық айналымын жеделдетіп, экономикалық белсенділікті арттырады», — деп санайды Нұрдәулет Бөкейхан.

2024 жылы Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы сауда айналымы 22 миллиард АҚШ долларына жетті. Сарапшылар бұл көрсеткіш 2025 жылы одан да жоғары болады деп болжап отыр.

«Қазіргі таңда Шыңжаң – ішкі Қытай мен Қазақстанды байланыстыратын ең маңызды көпір. Шыңжаңда ірі әуежайлар, логистикалық орталықтар салынып жатыр. Бұл – Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға бағытталған жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Қазір логистиканың барлық түрі дамып келеді: теміржол, автокөлік жолдары, өзен арқылы тасымал және, әрине, әуе қатынастары. Ертіс өзені арқылы бұрынғы кеме қатынасын қалпына келтіру және жаңа бағыттар ашу – стратегиялық мақсат. Осы арқылы Қазақстан тауарларын Шыңжаң арқылы Қытайдың ішкі нарығына және одан әрі әлемдік нарықтарға, мысалы,

Жапония, Непал, Бангладеш сияқты елдерге жеткізуге болады», — деді сарапшы.
Бөкейхан атап өткендей, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстары және өңдеу өнеркәсібі – экспорттық әлеуеті зор бағыттар. Біздің өнімдер Қытай нарығына шығу үшін алдымен Шыңжаң арқылы өтуі қажет. Бұл өңір – Қытай нарығына апаратын алтын көпір іспетті. Сондықтан ең алдымен шекара инфрақұрылымын жетілдіріп, өңірлік логистиканы дамыту қажет.

«Бүгінде тек сауда емес, мәдени байланыстар да жандана түсуде. Шыңжаң мен Алматы арасындағы ғылыми форумдар, мәдени шаралар, туризм жобалары – осының айғағы. Бұл екіжақты қарым-қатынастың тек бір бағытпен емес, көпсалалы даму бағытында екенін көрсетеді. Менің ойымша, Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы байланыс әлі де толық деңгейіне жеткен жоқ. Алда игерілмеген мүмкіндіктер мен жоғары биіктер бар. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін екі елдің кәсіпкерлері, ғалымдары, инженерлері бірлесе жұмыс істеуі керек. Бірлескен кәсіпорындар ашу, жаңа технологияларды енгізу – келешектегі басты мақсаттардың бірі. Сондықтан мен Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сенімді жоғары бағалаймын. Бұл стратегиялық әріптестік тек бүгін үшін емес, болашақ ұрпақ үшін де маңызды. Біздегі барлық әлеуетті мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алсақ, Қазақстанның экспорты да, экономикалық қуаты да еселеп өсетініне сенімдімін», — деп ойын айтты Дүниежүзілік қазақ қауымдастығы жастар бірлестігінің төрағасы Нұрдәулет Бөкейхан.

«Шыңжаң – Қазақстан мен Қытай арасындағы көпір»

Қазақстан-Қытай саудаға жәрдемдесу қауымдастығының басқарма төрағасы Қанат Бейсек Шыңжаң Ұйғыр автономиялы районының 70 жылдығына орай өз пікірін білдіріп, бұл мерейтойдың Қазақстан үшін де ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Шыңжаң – екі ел арасындағы шекаралық ынтымақтастықтың негізгі аймақтарының бірі. Географиялық орналасуының арқасында ол Қазақстан мен Қытай арасындағы көпір рөлін атқарып отыр. Екі ел арасындағы тауар айналымының басым бөлігі дәл осы өңір арқылы жүзеге асады», – деді Қанат Бейсек.

Оның айтуынша, бұл тек экономикалық ғана емес, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың да дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, Шыңжаңның тұрақты дамуы Қазақстанның өңірлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығына тікелей ықпал етіп отыр.

«Шекара маңы ынтымақтастығы аясында жаңа инфрақұрылымдық жобалар, логистика және көлік дәліздері іске қосылып жатыр. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» халықаралық дәлізі мен «Қорғас – халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» жобалары – екі ел байланысының нақты жемісі», – деді сарапшы.

Сондай-ақ Қанат Бейсек Шыңжаңның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне де тоқталды. Оның мәліметінше, 2024 жылы өңірдің ЖІӨ 6,1%-ға өсіп, 2 триллион юаньнан асқан. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары да айтарлықтай өсім көрсеткен.

«Қала мен ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл – халықтың тұрмыс сапасының жақсаруының нақты дәлелі. Осы көрсеткіштер Шыңжаңның болашағы зор дамушы өңір екенін көрсетіп отыр», – деп түйіндеді ол.

Қанат Бейсек екі ел арасындағы байланыс тек экономикамен шектелмейтінін де баса айтты. Шыңжаңда өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасы – халықтар арасындағы тарихи сенім мен жақындықтың көрінісі.

«Бұл тұрғыдан алғанда, Шыңжаңның 70 жылдық мерейтойы – өткен жолды бағалап, болашақтағы серіктестіктің жаңа көкжиектерін айқындауға мүмкіндік беретін тарихи сәт», – деді Қанат Бейсек.

Сөз соңында сарапшы Шыңжаң халқын мерейтоймен шын жүректен құттықтап, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың болашағына сенім білдірді.

«Шыңжаң халқының ынтымағы мен жасампаз істері екі ел арасындағы достықтың берік діңгегіне айналып отыр. Бұл өңір болашақта да өркендеу мен игіліктің бастауы болып қала беретініне сенімдімін», – деді ол.

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тек экономикалық мүдделермен шектелмейді. Шыңжаң өңірі – екі ел арасындағы өзара сенім мен тарихи байланыстардың жарқын символы. Инфрақұрылымдық жобалар, логистикалық мүмкіндіктер мен мәдени алмасулар арқылы бұл серіктестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Алдағы уақытта да Шыңжаң арқылы өтетін байланыстар Қазақстанның өңірлік дамуы мен халықаралық нарыққа шығуына тың серпін берері анық.

Автор: Еламан Алтай

Оқылып жатыр

Сарапшы: Шыңжаң – Еуразияның жаңа алтын дәлізі

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

Жапон басқыншыларын жайрату: Пекин бұрын соңды болмаған әскери шеруге дайындықты аяқтады

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.