Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды
  • Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады
  • Қызмет алушылар құқығы басты назарда
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 11 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

1 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: gov.kz

Қарызға белшеден батудың салдары – ауыр жүк, күнделікті күйзеліс пен тығырықтан шығу мүмкін еместей күй. Дегенмен, маңыздысы – бұл қиындықпен әр адам жалғыз қалмайды. Қарағанды облысында арнайы бағдарлама жүзеге асырылып, азаматтарға қарыздан арылып, жаңа өмір бастауға және ертеңгі күнге сенімін қайта орнықтыруға көмектесіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде жүздеген отбасы «Қарызсыз қоғам» («Общество без долгов») жобасының мүмкіндігін пайдаланды. «Amanat» партиясы қолға алған бастаманың басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жандардың қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру.

Бұл тек қаржылық сауаттылықты үйрету емес, шынайы «қайта жүктеу». Жоба әр адамға жекелей тәсіл қолданумен ерекшеленеді. Алғашқы қадам – азаматқа жұмыс табуға көмектесу, кейін қарыз мәселелерін шешудің тиімді жолдарын қарастыру. Шешімнің түрлері әртүрлі болуы мүмкін: төлем кестесін қайта қараудан бастап, банкроттық рәсіміне дейін.

Мәселен, Осакаров ауданында бір отбасының сегіз микронесие бойынша 800 мың теңге қарызы және 1,5 миллион теңге банктік несиесі болған. Шарасыз қалған отбасы «Amanat» партиясына жүгінген. Жоба аясындағы оқудан соң заңгерлер банкрот деп тану туралы өтініш беруге көмектесті. Сонымен қатар әйелге де, оның жұбайына да жұмыс табылды, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.

Қазір олар қарыз құрсауынан құтылып, тек несиеге үміт артпай-ақ жаңа өмір бастауға болатынына сенімді.

Осындай оқиғалар аз емес. Бүгінде облыс бойынша жобамен 22 мыңға жуық адам қамтылған, олардың басым бөлігі қарыз мәселесін шешіп үлгерді.

90 күннен артық өтелмеген қарызы бар кез келген азамат «Amanat» партиясының филиалдарына, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе ауылдық әкімдікке жүгіне алады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттырудың өзектілігін ерекше атап өтті. Президент «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастыру қажет екенін айта келіп:

«Негізгі мақсат – тек қарыз жүгін жеңілдету емес, халықты тұрақты табыспен қамтамасыз ету», – деді.

Жоба туралы толық ақпарат пен кеңесті мына телефондар арқылы алуға болады:

Қарағанды: (8-7212) 95-56-01

Саран: (8-72137) 7-90-77

Теміртау: (8-7213) 95-55-55

Балқаш: (8-71036) 4-40-61

Шахтинск: (8-72156) 3-59-47

Приозёрск: (8-71039) 5-26-94

Абай ауданы: (8-72131) 4-22-24

Ақтоғай ауданы: (8-71037) 2-16-84

Бұқар жырау ауданы: (8-72154) 2-10-38

Қарқаралы ауданы: (8-72146) 3-18-99

Осакаров ауданы: (8-72149) 4-13-74

Нұра ауданы: (8-72144) 2-26-55

Шет ауданы: (8-71031) 2-13-38

Оқылып жатыр

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды

1414 нөмірінен келетін SMS және айыппұлдар: eGov порталындағы авторизация өзгерді

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

Қарағандылық фермер біреудің 17 жылқысын атып тастаған

Соңғы жазбалар

Қордайда тұрғындармен «Заң және тәртіп» қағидаты талқыланды

10 Қазан, 2025

Ұлытау облысында әйгілі әнші Қайрат Байбосыновтың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

10 Қазан, 2025

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.