Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды

7 Қазан, 2025

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды
  • Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады
  • Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды
  • «Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты
  • Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті
  • 4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды
  • Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті
  • «Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 7 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Теңгеге қысым күшейіп, доллар қымбаттай береді — Мақсат Халық

3 Қазан, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Доллар рекордтық көрсеткішке көтеріліп, 550 теңгеге жетті. Бұл онсыз да қымбатшылық қыспағында отырған халықты алаңдатып, өз кезегінде нарықта біраз ажиотаж туғызды. Нарықтағы ойыншылар мен спекулянттар доллардың бұдан әрі де өсетіні жөнінде дақпырт ақпаратты әлі де таратып жатыр. Жаз бойы жылжи өскен жанармай бағасы да жұрттың жүйкесіне тиіп, азық-түлік пен өзге де тұтыну заттарының құнын көтерді. Несиемен күн көріп жүрген бұқараның жағдайы доллар өсе берсе не болмақ? Доллардың рекордтық жағдайда қымбаттауына не себеп? Todayinfo агенттігі экономистердің пікірін білді.

Егер экономикалық факторларға қарасақ, теңгенің құнсыздануына фундаменталды себептер әсер етті деп айта алмаймыз. Өткен айда теңгенің әлсіреуіне бірқатар жағдайлар ықпал етті.

«Тамыз айында бюджеттен едәуір қаражат бөлініп, ол ірі компанияларға жетті. Олар өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін көптеп доллар сатып ала бастады. Мысалы, зауыттарға жаңа технологиялар мен станоктарды орнату үшін шетел валютасы қажет болды. Осы процесс қыркүйекте долларға деген сұранысты арттырды. Оның әсері әлі де сақталып отыр, өйткені бюджеттен бөлінген қаржы игерілуі тиіс. Сондықтан бұл айда да долларға сұраныс жоғары болмақ», — дейді экономист.

Қай нәрсеге сұраныс күрт артса, оның бағасы бірден шарықтап шыға келеді. Уақытша көрініс болса да, осы аралықта алыпсатарлар пайдаға кенеліп, тұтынушылар қалталарынан қағылады.

«Дегенмен теңге қатты құнсызданбайды. Себебі Ұлттық қордан бөлінетін аударымдар көбейеді деп болжанып отыр. Тамызда шамамен 450 млн доллар болса, қыркүйекте – 550 млн доллар, ал қазанда тіпті 700 млн долларға дейін өсуі мүмкін деген болжам бар. Демек нарықта қосымша доллар ұсынысы болады. Яғни, бюджет шығындарын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк валюта нарығында долларды сатады. Бұл тікелей интервенция болмаса да, теңгеге жанама қолдау көрсетеді», — деп санайды Мақсат Халық.

Доллардың теңгеге шаққандағы құны 600 маңайында дегенді экономистер бұрыннан айтып келеді. Бірақ АҚШ валютасының бірден күрт көтерілуіне ел билігі жол бермеуге тырысады. Алайда, сыртқы саяси ахуал күрделенсе, державалардың тартысы күшейсе, оған қарапайым мемлекеттер қарсы тұра алмайды.

«Әрине, мұның бәрі 100 пайыз осылай болады деуге болмайды. Әлемде түрлі жағдайлар орын алып жатыр. Мысалы, жуырда АҚШ Федералдық резерв жүйесі доллардың негізгі пайыздық мөлшерлемесін аздап төмендетті. Соған сәйкес доллардың әлемдік құны төмендей бастады. Доллар индексі бұрын-соңды болмаған деңгейге түсіп, 98-ге жетті. Бұл да белгілі бір дәрежеде доллардың құнын әлсіретіп отыр. Бұған қарасақ, теңгеміз нығаюы тиіс. Бірақ оның әлсіреуіне басқа факторлар да әсер етеді. Соның бірі – мұнай бағасы. Қазір мұнайға қатысты болжамдар тұрақталғандай көрінгенімен, жақында ОПЕК+ отырысы өтеді. Онда мұнай өндіру көлемін арттыру туралы мәлімдеме жасалуы мүмкін. Егер олай болса, әлемдік нарықта мұнай қоры көбейіп, мұнай бағасы арзандайды. Бұл теңгеге тікелей қысым түсіреді.

Сонымен қатар, АҚШ-тағы қазіргі жағдай да маңызды. Елде shutdown қаупі туындап отыр. Бұл – Үкіметті қаржыландыруды уақытша тоқтату деген сөз. Мұндай құбылыс қаржы нарығына белгілі дәрежеде кері әсер етеді. Бұдан бөлек, геосаяси жағдайлар да ықпал етуі мүмкін. Егер осындай сыртқы факторлар қысым жасамаса, теңге тұрақталуы тиіс», — дейді сарапшылар.

Қаржыгерлер доллардың күрт қымбаттауына ірі ойыншылар әсер етті және ол үнемі жалғаса береді деген пікірде.

«200–300 миллион доллар бір жерде күнделікті саудада сатылады, сол кезде басқа біреуге қосымша 50 миллион қажет болды. Осы сәтте, әрине, қиын болады және теңге сәтсіздікке ұшырайды. Менің ойымша, одан әрі ауытқуды күтуге болады. Мен бұл бағытқа таң қалмаймын», — деді қаржыгер Расул Рысмамбетов.

Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютаның әлсіреуі АҚШ-тың ЖІӨ мен жұмыспен қамтудың күшті көрсеткіштерімен де байланысты. Бұл әлемдік нарықтарда жасыл валютаны нығайтты. Қосымша фактор мұнай құнының төмендеуі болды. Айналып келгенде үнемі қайталана беретін мұндай жағдайлар мемлекеттің экономикасына қысым жасап, тасымал, құрылыс, кедендік алым мен баспана бағасының көтерілуіне әкеледі. Ал онсыз да ұлттық валютасы құнсызданған мемлекет жалақы мен әлеуметтік төлемдерді көтеруге қауқарсыз болып шығады.

«ОПЕК плюс» елдері мұнай өндіруді ұлғайтқысы келеді. Сауда шектеулері мұнайдың төмендеуіне теріс әсер етеді. Бұл факторлар қазір теңгенің әлсіреуіне әсер етеді», — деп санайды R-Finance қаржы кеңесшісі Арман Байғанов.

Сарапшылардың пікірінше, жыл соңына дейін доллардың тағы да қымбаттауын күтудің қажеті жоқ. Өйткені Ұлттық банктің араласу ықтималдығы жоғары.

Фото: Freepik

Оқылып жатыр

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

Қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге шығын болған

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Әскерке келіп 1 аптадан соң қайтыс болған 18 жастағы Нұрасылдың қазасы қоғамды дүр сілкіндірді

Биліктен байлыққа, байлықтан қашқындыққа: Елден безген шенеуніктер кімдер?

«Неге әскерге бармайды?»: Желіде Шерхан Қалмырза туралы тағы бір дау туды

Соңғы жазбалар

«Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды

7 Қазан, 2025

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

7 Қазан, 2025

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

7 Қазан, 2025

4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды

7 Қазан, 2025

Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті

7 Қазан, 2025

«Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды

7 Қазан, 2025

Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді

7 Қазан, 2025

Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары ұсталды

7 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.