Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

7 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады
  • Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды
  • «Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты
  • Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті
  • 4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды
  • Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті
  • «Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды
  • Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 7 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Меценаттар ұдайы назарда ұстаса дейміз»: Аида Балаева ескерткіш орнату тәртібін еске салды

6 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ескерткіш орнату мәселесіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.

«Жуырда аса көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзінде Нұрғиса Тілендиевтің тұғырлы ескерткіші халқымыздың әйгілі тұлғаға деген айрықша құрметі мен ыстық ықыласының белгісі екенін атап өтті. Нұрғиса ағаның ескерткіші жоғары көркемдік талғаммен жасалып, ерекше үйлесім тапқан.

Осы орайда, еліміздегі ескерткіш орнату мәселесіне тоқтала кеткім келеді.

Әрине, тарихта есімі қалған тұлғаларды ұлықтау өте маңызды. Алайда ескерткіш орнату үлкен жауапкершілікті талап етеді», — деді ол.

Министр өкінішке қарай, елімізде ескерткіштерді заңсыз орнату фактілері жиі кездесетінін айтты.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізген талдауға сәйкес, соңғы бес жылда еліміздің он өңірінде 49 ескерткіш заң талаптарын сақтамай орнатылған.

Ең көп заңсыз орнатылған ескерткіштер Түркістан (17) және Қостанай (15) облыстарында тіркелген.

Тіпті республикалық комиссия қолдамаған жобалар да өз бетімен орнатылып кеткен. Кейбір ескерткіштер жеке меншік аумақтарға қойылып, кейде ескерткіш пен шағын архитектуралық нысанның айырмасы да мүлде ескерілмей жатады.

Сондықтан ескерткіш орнату – тек ықылас пен ниет емес, ең алдымен тәртіп пен жауапкершілік екенін ескеру керек. Әсіресе, игі ниетпен қолдау білдіріп жүрген демеушілер, меценаттар бұл мәселені ұдайы назарда ұстаса дейміз»,- деді Аида Балаева.

Ол жергілікті атқарушы органдардың заңсыздыққа жол бермей, қатаң бақылауға алуы керегін атап өтті.

Министрдің мәлімдеуінше, ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңға сәйкес, әрбір жаңа ескерткіш монументалды өнер құрылыстарын орнату жұмыстарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Монументалды өнер құрылыстарын орнату тәртібі министрлік қағидалармен реттелген. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте монументалды өнер нысандарын орнату ережесін бұзғандарға айыппұл қарастырылған.

«Нақтырақ айтқанда, жеке тұлғаларға – он, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстарды уақытша тоқтату қарастырылған»,- деді ол.

Аида Балаеваның айтуынша, кей жағдайларда ескерткіштер жеке меншік аумақтарға орнатылып, қоғамдық кеңістіктің эстетикалық келбеті ескерілмей жатады. Мұның бәрі түптеп келгенде тарихи тұлғаларға деген құрметтің лайықты деңгейде көрініс табуына кері әсерін тигізеді.

«Тарихқа адалдық тәртіптен басталады. Өйткені, ескерткіш — бұл тек өткенге құрмет белгісі ғана емес, сонымен бірге келер ұрпаққа деген ортақ аманатымыз»,- деп жазды ол.

Фото: Facebook/ Аида Балаева

Оқылып жатыр

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті

Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді

Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары ұсталды

«Қазақстан – «жар базары» емес»: Феминист Айгерім Құсайынқызы Павел Дуровтың қалжыңын сынады

Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржы жымқырылған

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

7 Қазан, 2025

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

7 Қазан, 2025

4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды

7 Қазан, 2025

Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті

7 Қазан, 2025

«Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды

7 Қазан, 2025

Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді

7 Қазан, 2025

Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары ұсталды

7 Қазан, 2025

«Некедегі әйелге көз салатын мисыз емеспін»: Олжас Абай даулы оқиғадан кейін жазба жариялады

7 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.