Көлік министрлігі Qazaq Air әуе компаниясына түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.
Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде орын алған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады.
Бұл жұмысты министрліктің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді.
Бұған дейін, Qazaq Air әуе компаниясының Қостанай – Астана бағыты бойынша жоспарланған рейсі техникалық себептерге байланысты тоқтатылған. 11 қазан күні Қостанай әуежайында ұшу алдында ұшақтың шассиінен от тұтанған. Ақау тіркелгеннен кейін экипаж ұшуды дереу тоқтатқан.
Фото: Qazaq Air сайты