Дариға Бадықова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың «арада бала жоқ» деген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.
Ол бауырына басқан Қарашаш атты қызының жағдайы сұхбаттан кейін онша емес екенін ашып айтты.
«Ортамызда бала жоқ. Мен баланы тастап кететіндей көкек ана емеспін. Қарашаш — мен өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім. Қатарынан қалдырмадым, оқыттым. Дархан деген кісі Қарашаштың өмірін де ойламай айтып отыр. Қарашашқа да ауыр тиіп жатыр», — деп жауап берді ол.
Сондай-ақ, ол балалы болуға әрекет жасамағанын да жасырмады.
«Екі адамнан болған нәрсе. Мен балам болмады деп еш уақытта уайымдаған адам емеспін. Сары уайым дегеннің не екенін де білмеймін, драманың адамы емеспін. Өмірде ештеңені қиындатпаймын. “Баламды асырамай отыр” деп күйеуге де ренжімеңіздер. Бала — ортақ. Балалы болуға әрекет жасаған жоқпын. “Мал таппаған еркектің ұрпағын көбейтпе”, — деген», — деп қысқа қайырды Бадықова.
Желі қолданушылары аталмыш жайтқа қатысты түрлі пікір білдірді.
«Дарханның Қарашашқа деген жылулығы жоқ екені көрініп тұр ғой. Үш жасынан бауырына алып, “қызым” деп тұрған жоқ», «Басқа байға кеткенде, сен ол қызды неге ойламадың?», «Бала тапқандыкі емес, баққандыкі», — деді желі қолданушылары.
Коллаж: sn.kz