Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

13 Қазан, 2025 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: abai.kz

Экономист Айбар Олжаев теңге бағамының құбылуына қатысты пікір білдіріп, ұлттық валютаның қазіргі жағдайын нарықтық процесс деп атады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Доллар бағамының өсуі — қалыпты нарықтық құбылыс.
Қыркүйек айында теңге 549 теңгеге дейін әлсіреді, бұл — бар болғаны 1,9 пайыз. Паника тудыратындай жағдай жоқ», — деді сарапшы.

Оның айтуынша, теңге — ТМД аумағындағы толық конверттелетін, ашық валюта, ал көрші елдердің ақшалары жасанды түрде ұсталып отыр.

«Біздің теңге — нарықтық валюта. Ал Қырғызстанның сомы мен Әзірбайжанның манаты жабық валюталар. Сондықтан олардың “тұрақтылығы” шынайы емес», — деп түсіндірді Олжаев.

Сарапшы теңге бағамын ешкім қолдан реттемейтінін айтты.

«Қазір курс Қазақстан қор биржасында — KASE алаңында қалыптасады. Күн сайын 200-220 миллион доллар көлемінде сауда өтеді. Бағамды сол нарық анықтайды», — деді экономист.

Оның сөзінше, импорт пен экспорт көлемі де теңге бағамына тікелей әсер етеді.

«Импорт көп болса — доллар қажет болады, теңге әлсірейді. Экспорт артса — керісінше, теңге нығаяды. Бұл — нарықтың қарапайым заңы», — деп қосты Олжаев.

Маман Ұлттық банктің міндеті теңгені “ұстап тұру” емес, инфляцияны бақылау екенін атап өтті.

«Ұлттық банк енді курсқа араласпайды. Оның негізгі мақсаты — бағаның тұрақтылығын сақтау. Тек ерекше жағдайда ғана интервенция жасайды», — деді сарапшы.

Ол өткен жылдардағы тәжірибені еске салып, теңгені қолдан ұстаудың салдары ауыр болғанын айтты.

«Бұрын саяси науқан кезінде теңге жасанды түрде ұсталып келді. Бірақ ол елге шамамен 20 миллиард доллар шығын әкелді. Мұндай саясат енді қайталанбауы керек», — деп ескертті экономист.

Айбар Олжаев теңгенің әлсіреуіне бірнеше фактор әсер ететінін де атап өтті.

«Мұнай бағасының төмендеуі, рубльдің әлсіреуі, импорттың артуы және халықтың доллар сатып алу үрдісі — бәрі де әсер етеді», — деді ол.

Сонымен қатар, экономист теңге ең қиын кезеңнен өткенін, қазір оның нарықтық валюта ретінде қалыптасқанын айтты.

«Теңге толыққанды нарықтық валютаға айналды. Ол ең ауыр сынақтан өтті. Енді бастысы — оған сенім арттырып, ішкі өндірісті күшейту», — деп қорытындылады Олжаев.

Сарапшының айтуынша, доллар 600 теңгеге жетеді деген сценарий биыл мүмкін емес.

«Мұнай бағасы күрт құламай, экономика тепе-теңдігін сақтаса, теңге өз деңгейінде тұрақтайды. Теңгеге сенім керек — сонда ол өз әлеуетін көрсетеді», — деді Айбар Олжаев.

Оқылып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Қазақстандағы доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

Барлық қаржы құрылымдары жақында блокчейнге көшеді — сарапшылар

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.