Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев
  • «Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты
  • «Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен
  • «Ұйықтап отыр ма?»: Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы әрекеті үшін сынға қалды
  • «Әжесіне көмектесуге барған»: Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне байланысты жаңа деректер пайда болды
  • Жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған: Шығыс Қазақстанда спорт басқармасының басшысы жазаланды
  • Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім
  • Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Дархан өте табысты, мәрт, өнерлі жігіт»: Бадықованың құрбан болған экс-күйеуі жайлы әріптесі шындықты айтты

13 Қазан, 2025 Шоу бизнес
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: коллаж Todayinfo.kz

Белгілі актер Бақыт Тұшаев қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан Бадықованың экс-күйеуі, актер Дархан Мұсаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

«Қоғамда әр күн сайын бір мәселе туындап жатады. Күн сайынғы алып-қашпа әңгіменің бірі дерсің, бірақ бұл жолы жазуға тура келді», – деп бастады ол өз жазбасын.

«Мен Дарханды сонау студент кезден білем. Ол менен бір жыл кейін марқұм Болат Атабаевтың курсына түсті. Первашым ғой. Жатақханада тұрдық. Дархан — адал дос, ақкөңіл азамат. Өте талантты жігіт. Театрға беретінін әлі толық бере алмай жүр, бірақ асабалық өнері де мықты. Студент кезінен-ақ табыскер болатын. Ең бастысы, көше төбелесінде досын тастап кетпейтін, жігіттің төресі еді», – дейді актер.

Сондай-ақ, Бақыт Тұшаев қазіргі қоғамдағы ер адамдардың беделі туралы да пікір білдірді:

«Қазір қоғамда әкенің орны, отағасының беделі, еркек бақыты деген ұғым өшті. Бәрі әйелге қатысты дүние болып кетті. Еркектердің де кінәсі бар, әрине. Бірақ ер мен әйел тең қаралмайды. Баланы бала бақшада да, мектепте де әйел тәрбиелейді. Ал әке ұғымы жойылып барады».

Дархан мен Дариға Бадықованың қарым-қатынасына тоқтала отырып, актер былай деді:

«Дарханның Нұрсейітке берген сұхбаты — тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның айнасы. Ақтап жатқандар мен даттап жатқандар екіге бөлінді. Мен Дариғаны да білем, талантты қыз. Махаббаттары студент кезден басталған».

Бақыт Тұшаев Дарханның сұхбатқа баруына да түсіністікпен қарайды:

«Ол сұхбатқа шығуға іштегі запыранын төгу үшін барды. Әркімнің өз шындығы бар. Ол да өз шындығы жолында құрбан болды. Мүмкін, сол сұхбат болмағанда өз-өзіне қол жұмсар ма еді кім білсін…»

«Екеуі 16 жыл бірге өмір сүріпті. Балалары болмаса да, отбасын сақтап қалу үшін қандай сабыр керек десеңші. Қазір бес жыл бала көтермесе, келінді кінәлап шығарып салады. Ал Дархан он алты жыл бойы Дариғаны кінәламай, қорғап өтті. Бұл — еркектің нағыз сабыры мен адалдығы».

Ол қоғамдағы әйелге арналған тренингтер мен “коучтардың” ықпалын да сынға алды:

«Қазір әйелдерге арналған тренинг, коуч, мотивация көп. ‘Ата енеңді тыңдама, күйеуіңнің шұлығын жума, мотивация бермесе ажырас’ деген кеңестер қоғамды улап жатыр. Ер адам табыс тапса — отбасы үшін, әйел табыс тапса — өзі үшін дейді. Бұл да дұрыс емес».

Сөз соңында актер Дархан Мұсаевқа және Дариға Бадықоваға тілек айтты:

«Дархан — жақсы жігіт. Бір отбасын асырап алып жүре алатын азамат. Мәселені бір жақты қарамайық. Ал жігіттерге Дарханның өмірі — үлкен сабақ.»

«Дариғаның да өмірінде, шығармашылығында жолы болсын. Ал Дора, (біз оны солай атаймыз) — айтарыңды айттың. Енді еңсеңді көтер, басыңды тік ұста, театрыңа қайта орал. Сенің екінші тынысың енді ашылады. Өміріңнің жаңа парағы басталсын. Өткенің — сабақ, болашағың — үміт. Бұлттың артында күн барын ұмытпа».

Оқылып жатыр

«Келісім, гармония»: Жанар Айжанованың қызы екінші ұлына ерекше есім берді

«Оның және менің балаларымызбен бірге тұрамыз»: Ақан Сатаевтың екінші әйелі көпшіліктен сүйінші сұрады

«Бауырыма басқан «бөлегім»: Тамара Асар өгей ұлына жоқтау арнап, жұртты жылатты

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

«Бала тапқандікі емес, баққандікі»: Дариға Бадықова бауырына басқан қыз туралы айтты (ВИДЕО)

«Димашты қорғау керек»: Белгілі журналист дабыл қақты (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

14 Қазан, 2025

«Ұйықтап отыр ма?»: Дәулет Мұқаев Үкімет сағатындағы әрекеті үшін сынға қалды

14 Қазан, 2025

«Әжесіне көмектесуге барған»: Ақтөбеде жасөспірімнің өліміне байланысты жаңа деректер пайда болды

14 Қазан, 2025

Жиналыс кезінде бейәдеп сөздер қолданған: Шығыс Қазақстанда спорт басқармасының басшысы жазаланды

14 Қазан, 2025

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

14 Қазан, 2025

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

14 Қазан, 2025

«Келісім, гармония»: Жанар Айжанованың қызы екінші ұлына ерекше есім берді

14 Қазан, 2025

Жол ақысы 500 тг. болсын: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.