Фото: видео скриншот
Әлеуметтік желіде кеше, 13 қазанда өткен Үкімет сағатындағы депутат Дәулет Мұқаевтың әрекеті қызу талқылануда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада оның ұйқысы келіп, шаршап отырғаны байқалады. Алайда мәжілісмен Мұқаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Депутат бұл жағдайға қатысты өз парақшасында пікір білдірді:
«Айтайын, Үкімет отырысында әрең отырдым. Себебі біраз уақыттан бері белімде протрузия (L-5, L-6) бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, әлде «грыжаға» айналды ма — білмеймін, дәл қазір отырсам да, жатсам да белім қатты ауырып тұр. Үкімет сағатынан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын болмай, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың әсерімен әрең үйге жеттім. Мені сүйреп апарған көлік жүргізушісіне үлкен рақмет», – деді ол.