Фото: коллаж Todayinfo
Әлеуметтік желілерде блогердің «Астана мен Алматыда автобуспен жүру құны 500 теңге болуы тиіс» деген сөзі қызу талқыға түсті.Бұл мәселеге бүгін Үкіметтегі брифингте де пікір айтылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қоғамдық көлік – бұл ең алдымен халыққа арналған қызмет, сондықтан жолақы бағасы күрт өспейді.
«Жолақының күрт өсуіне жол берілмейді. Әрине, егер қоғамдық көлік үшін қандай да бір шығындар өссе, мемлекет бұл бағытта қолдау көрсетеді», – деді Біржанов.