Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Еңбекшіқазақ ауданындағы М.Мақатаев атындағы мектептің білім мен тәрбиедегі биік белестері

Білім – ұлт келешегінің кілті, ал ұстаз – сол кілтті ұрпақ санасына ұлағатпен ұсынар ұлы тұлға. Осы ұстанымды берік ұстанған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы М.Мақатаев атындағы орта мектеп – сапалы білім мен саналы тәрбие, ізденіс пен жаңашылдықтың жарасымды тоғысқан ордасы.
Мектеп ұжымы соңғы жылдары оқу-тәрбие үрдісін жаңаша бағытта дамытып, ұстаз еңбегінің сапасын арттыру, оқушы қабілетін ұштау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Ізденіс пен іскерліктің мектебі

2022–2023 оқу жылында білім ордасында аудандық деңгейде екі ірі семинар өткізіліп, тәжірибе алмасу мен кәсіби шеберлікті арттыру алаңы ұйымдастырылды. Үштұғырлы тілді меңгеру бойынша ұстаздар Дилярам Ибдиминова мен Маликам Амраева, ал психологиялық тәжірибе бөліс семинарында Бақыт Алдажарова мен Айнұр Самутова өз әдістемелік еңбектерін ұсынды.
Мұнымен қатар, 14 мұғалім өз іс-тәжірибесін көрсетіп, 5 ашық сабақ, оның ішінде 1 облыстық шеберлік сабағы өткізілді. Оқу ісі жөніндегі орынбасарлар екі мазмұнды таныстырылым жасап, жаңашыл бағыттағы оқу моделін ұсынды.

Мектепішілік деңгейде 9 коучинг, 58 сыныптан тыс іс-шара және 93 ашық сабақ ұйымдастырылды. Бұл көрсеткіштер ұжымның бірлігі мен кәсібилігінің айғағы іспетті.

2023–2024 оқу жылында бұл дәстүр сабақтастығын тапты. Мұғалімдер облыстық деңгейде 2 ашық сабақ өткізіп, 4 іс-тәжірибесін бөлісті, аудандық деңгейде 2 үлгілі ашық сабақ пен 3 семинар өткізілді. Аймақтық деңгейде 14 мұғалімнің баяндамасы тыңдалды.

Облыстық марапатқа ие болған ұстаздар қатарында Айгүл Жаркынбекова, Лиля Ибраимова, Қарлығаш Заитова, Оксана Қадырова бар. Ал тәжірибесі облыс көлемінде таралған ұстаздар – Рахилям Ибрагимова, Маликам Амраева, Ольга Овсянникова, Айнұр Самутова.
Бұл есімдердің әрқайсысы – өз пәнінің майталманы, өз ісінің шебері.

Шәкірт – ұстаз мерейі

Мектеп оқушылары да облыс пен республика көлемінде табысқа жетіп келеді.
Республикалық «Мың бала» олимпиадасында Асқар Сүлеймен, Аманжол Ұлнар және Қалмұратқызы Ұлдана білім бәйгесінде дараланып, жеңімпаз атанды.
Облыстық «Айқанат» олимпиадасында 9 оқушы сертификат иегері атанса, ғылыми жобалар байқауында бір шәкірт жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Аудандық пәндік олимпиадалар қорытындысы да көңіл қуантады: 29 жүлделі орын (оның ішінде 8 – І орын, 9 – ІІ орын, 12 – ІІІ орын).
Ғылыми жобалар сайысында Тохтахунов Ният (информатика, І орын), Нұрмұхамед Аружан (биология, ІІ орын), Нұрстан Аян (көркем еңбек, ІІ орын), Барзамова Альмина, Аматова Альмира (ІІІ орын) сынды оқушылар білім шыңына көтерілді.

Облыстық «Ауыл мектебі» олимпиадасында Седиров Тимур, Бакич Дамир, Бурхандинова Наиля, Рүстемов Алишат, Зейнехан Балнұр жүлдегер атанып, мектебінің мәртебесін асырды.

Ал 2024–2025 оқу жылында республикалық деңгейдегі үздік нәтиже Исамудинова Дильяраның еншісінде болды: ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың І орын және жалпы пәндік олимпиаданың ІІІ орын иегері атанды (жетекшісі – Манапова Айгүл Аршинқызы).

Спорт – тәрбие айнасы

Білім ордасы спорттық бағытта да белсенді. «Мектеп лигасы» жобасы аясында оқушылар баскетбол мен футзалдан аудандық және аймақтық турнирлерге қатысып, бірнеше рет жүлдегер атанды.
7–8 сынып қыздары баскетболдан ІІІ орын, 5–6 сынып командасы ІІ орын, ал 9–11 сынып ұлдары арасындағы футзал ойынында ІІ орын иеленді.
Жеке номинациялар бойынша Ахметов Анзар – «Үздік қорғаушы», Қуаныш Ерсұлтан – «Үздік шабуылшы» атағын алды.

Ұстаздық ұжымның беделі мен бедерлі еңбегі

Мектеп ұстаздарының ізденісі мен табысы облыстық деңгейде де мойындалған.
Бес педагогтың авторлық бағдарламасы облыстық білім басқармасы тарапынан мақұлданып, тағы бесеуінің әдістемелік құралы аудандық деңгейде расталды.
Бұл – мұғалімдердің шығармашылық ізденісі мен педагогикалық мәдениетінің жоғары екенін көрсететін айғақ.

Көшбасшы ұстаз – білім кемесінің тізгінінде

Білім ордасын тәжірибелі педагог, жаңашыл басшы Айгүл Бақтыбайқызы Жаркынбекова басқарады. Ол – 24 жылдық педагогикалық, 9 жылдық басшылық өтілі бар ұстаз.
Химия және биология пәндерінің маманы, кейін орыс тілі мен әдебиеті бойынша да жоғары білім алған.
«Педагог-зерттеуші», «Басшы-көшбасшы» І дәрежелі санатты басшы ретінде ол ұжымын ынтымаққа, ізденіске және нәтижеге бағыттап келеді.

Айгүл Бақтыбайқызы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы облыстық білім басқармасының, «Аманат» партиясының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарының иегері.
Оның «Химия пәнін оқытудағы PISA тапсырмаларының тиімділігі» атты авторлық бағдарламасы мен «TUTOR UP», «Ы.Алтынсарин ізбасарлары» журналдарындағы ғылыми мақалалары педагогикалық қауым тарапынан жоғары бағаланған.

Білім мен руханият тоғысқан орта

М.Мақатаев атындағы мектеп – ақынның рухымен, ұстаздың мейірімімен, шәкірттің арманымен өрілген киелі ұя.
Мұнда білім берумен қатар, адамгершілік, елжандылық, ізгілік сынды құндылықтарға баулу – басты мақсат.
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел ертеңі. Ал олардың жетістігі – ұстаз еңбегінің айнасы, мектеп мерейінің биігі.

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.