Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Screenshot
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысы Қарасай ауданында жергілікті билік «сібір жарасы» көмілген ошақ маңынан халыққа жер телімдерін сатып келген. Ал жұртшылыққа бұл учаскенің қауіпті аймақта екені тек былтыр ғана белгілі болған, деп хабарлайды Todayinfo Almaty.tv -ға сілтеме жасап.

Алматы облысындағы Жандосов пен Қайрат ауылдарының ондаған тұрғыны осы маңайдан жер сатып алып, рәсімдеп, үй салуды жоспарлап келгенін айтты. Алайда құрылысқа келгенде аудандық сәулет бөлімі жердің санитарлық аумақта тұрғаны жайлы хат жолдаған. Бұл туралы сол маңда талай жылдан бері тұрып келген көпшілік те бейхабар. Екі ауылдың арасында сібір жарасынан өлген мал көмілгенін білген халық күнкөрісіне алаңдап отыр.

 «Кейін салған баспаналар заңдастырылмайды екен. Бұрынғы тұрғындардың денсаулығына зиян емес, кейінгілерге ғана зардабы тие ме, түсінбедік? Неге ескертілмеген? Біз қалай тұрып жатырмыз?» – деді Қарасай ауданының тұрғыны Ақберген Әбдулдин.

«Арада 10 жыл өтті. Заң ба, бұйрық па, 2-3 ай бұрын шыққан ба? Ауыл тұрғынынан естіп жатырмын. Ескерту жасалмаған, не қоршау жоқ? Білсек бала-шағаны жолатпаймыз ғой», – деді Қарасай ауданының тұрғыны Салтанат Жақанбаева.

Дәл қазір біз жекеменшік қожалықтың аумағындамыз. Бұл жерге жұрт демалып, сүт, саумал ішуге келеді. Ал бірнеше қадам жүрсек «сібір жарасы» ошағы көмілген. Заң бойынша мұндай қауіпті аумақтан 1000 метр қашықтықта ешқандай нысан салуға рұқсат жоқ. Дегенмен жұртшылыққа былтырға дейін учаскелер сатылып келген.

Сібір жарасы ошағының жанынан жер саудалаған кімдер? Осы сауалмен жергілікті әкімдікке бас сұқтық. Бөлім басшыларының сөзі бір жерден шықпады. Бұл қауіпті аймақ жайлы 2 жылдан бері білетінін айтып отыр. Ал ветеринария мамандары ошақтың бұрыннан барын алға тартып, оны қоршағанын жеткізді.

«Сібір жарасы» бойынша ақпараттың шыққанына 1-2 жыл болды. Оған дейін бұл құпия ретінде жасырылған. Бізге осы жақында берді. Санитарлық қорғау аймағын сызып, рұқсат қағазын беруге тыйым салынды», – деді Қарасай ауданы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дінсұлтан Бейсембек

«Сібір ошағы» өте аса қауіпті аурулардың біріне жатады, сол себепті ол 100 жылдан аса да жоғала қоймайды. Неге сатқанын білмедім? Оны бірінші рет 2014 жылы қоршап, тақтайшасын ілген», – деді Қарасай ауданы Ветеринария бөлімінің басшысы Жанат Жарболов.

Сібір жарасының» ошағы мұнда 1968 жылы көмілген. Қазір қауіпті аймақтың маңында екі елдімекен, туристік аймақ, тағам зауыттары бар. Халық жер телімдерін сатып аларда кадастрлық құжаттарда да аумақ таза көрсетілгенін айтып отыр.

«Мәселе бойынша заң аясында құрылысқа рұқсат берілмейді. Кезінде қалай берілгенін аныөтайиыз. Заңсыз болса, сот органдарға тиісті материалды жібереміз», – деді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Адис Сейдақматов.

Аудан әкімдігі жұмыс тобын құрып, жағдайды 3 аптада анықтауға уәде берді. Егер жер телімдерінің заңсыз берілгені дәлелденсе, іс сотқа жіберіледі. Ал тұрғындарға әзірше құрылыс жүргізуге рұқсат жоқ.

Фото: скрин

Оқылып жатыр

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.